Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы

15 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.

Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы.
Сабақтың мақсаты: Семей полигонының зардаптарының шығу тарихы, зерттелуі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ауаның, судың және жердің ластануы адам өміріне қауіпті екеніне назарларын аудара отырып, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін жетілдіру, сабақ барысында белсенділік, шапшаңдық танытуға дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, өздерін қоршаған әлемді қорғауға ат салысуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, интерактивті технологияларды қолдану, «математикалық қобдиша», аудио сұрақтар.
Пән аралық байланыс: География, математика.
Көрнекілік пен құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, бейне сюжет, карта.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ – жауап арқылы өткенді қорытындылау.

III. Білімдерін жан – жақты тексеру:
Математикалық қобдиша.
1) (550 /2)*4=? 3) 25*75+95 =?
2) 1млн /2*4=? 4) 36/2+8 =?

IV. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
Сабақтың тақырыбын жазғызып, мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Семей полигоны
2. Семей полигонының инфрақұрылымы.
3. Семей полигонының алғашқы жүргізілуі.
4. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.
5. Невада – Семей қозғалысы.

Тірек ұғымдары:
1. Ядролық қару – жаппай қырып жою қаруы.
2. Атом бомбасы – авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш ядролық бөліну реакциясына негізделген.

VI. Жаңа сабақты бекіту.
Аудио сұрақтар. Интерактивті тақтаны пайдаланып, ұяшықтарды таңдау.
1) Қазақстан аумағындағы Семей полигонына ядролық сынаққа қанша га, жер бөлінді?
2) Семей полигонында өткізілген әр бір ядролық сынақтың құны қанша болды?
3) Семей ядролық полигонының тәжірибелік алаңдарында қанша ядролық жарылыс болды?
4) Дегелең тауының жер асты шахталарында жалпы саны 340 жарылыс болды. Бұл арада жыл сайын жыл сайын қанша ядролық сынақ жүргізілді?

VII. Сабақты қорытындылау.
Графопроектордан «Атом» деген сөзден әріп таңдау арқылы құпия сұрақтарға жауап беру.
VIII. Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі.
Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар.
Мысалы:
1. Атмосфераның ластануы.
2. Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері.
3. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы материалдар қарастыру.
6 853
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Экология – жер тағдыры
Экология – жер тағдыры
«Ғажайып» тобының сұрақтары 1. «Экология» сөзінің қазақша мағынасы қандай? 2. Қазақстанда қанша қорық бар? 3. Мұнай өнімдерімен ластанған мұхит. 4. Семей полигонындағы алғашқы жарылыс қай жылы жасалды?
Экология дауысы
Экология дауысы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті. Химия пәні мұғалімі Кошкенбаева Роза
Невада - Семей» қозғалысы
Невада - Семей» қозғалысы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенова Тыныштық Қосаманқызы
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ топтамасы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Максимова Гүлден Әділқайырқызы
Ядролық қарусыз болашаққа!
Ядролық қарусыз болашаққа!
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі: Батимова Гүлжайна
Мен және табиғат
Мен және табиғат
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Екпін ауылы, Ы.Кабеков атындағы орта мектеп мұғалімі Серикказина Райхан Тұрысбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×