Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ядролық қарусыз болашаққа!

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
5 сынып
Сабақтың тақырыбы:« Ядролық қарусыз болашаққа!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Семей полигоны туралы білімін тереңдету. Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Тәрбиелік:Елін, жерін, сүюге, аялауға, экология - лық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер. кітаптар
Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
а) Оқушылармен, қонақтармен амандасу
б) Оқушыларды түгелдеу
ІІ. Жаңа сабақ
Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Семейім танылып ең бар ғаламға,
Абай мен Шәкәрімдей ұлдар туған.
Бүгінде жарылыстан зар жылаған,
Болашаққа үміт артар қай ұрпағың.
Семей тарих таңбасы қалған қалаларға жатады – Ол әдебиет, өнер мен ғылым қайраткерлерінің тұған жері болып табылады. Бұл ұлы ақын, Қазақстанның ұлттық мақтанышы Абай Құнанбаев, көрнекті философ Шәкәрім Құдайбердиев, әлемдік әдебиеттің корифейі Мұхтар Әуезов, халық әншісі Бибигүл Төлегенова және т. б. туған жер.

Атом бомбасы адамзатқа келер қайғы мен қасірет. 1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 7 - 00 де алғашқы атом бомбасы күші 20 килотонна осы полигонда сыналды. Бұл Семей облысының Солтүстік Батыс аумағында Дегелен жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылданды. Семей ядролық сынақ полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған.

1949 бен 1962 жылдар арасында онда 30 жер беті сынағы жасалды және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955 жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікте, ғарышта сыналды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340 - тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалды.

Сондай – ақ полигонды, Семей - 21 деп аталған. Оған аса дарынды, ғалым, физик атом сынағына үлес қосқан Сергей Курчатов 1974ж жасырын қалаға Курчатов есімі берілді.
1963 жылға дейін атом бомбалары жер бетінде және ашық ауада сыналды.

Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың 15
қаңтарында жер асты жарылысы болды. Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда болды.
Ал Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада - Семей» қозғалысы пайда болды.

Ол Семей ядролық полигонындағы сынаққа жаппай наразылық білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11 - ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19 - шы қазанда болды.
1991 жылы 29 тамызда полигон ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен жабылды.
«Қара жорға» биі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Ядролық реактор
Ядролық реактор
Сабақтың танымдық мақсаты: *Ядролық реактор және оның түрлері. *Ядролық реактордың негізгі бөліктері және олардың жұмысы. *Термоядролық реакциялар туралы мағлұмат беру.
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Невада – Семей қозғалысы. Семей полигонының жабылуы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік гуманитарлық - экономикалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Балташева Б.Б.
Невада - Семей» қозғалысы
Невада - Семей» қозғалысы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенова Тыныштық Қосаманқызы
Табиғат - тіршілік бесігі
Табиғат - тіршілік бесігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досанова Ғазиза Сүлейменқызы
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Қалилаева Зәмзәгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×