Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кенесары хандығы

28 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Тараз қазасы,
№10 мектептің тарих мұғалімі
Ақжігітқызы Айша

Сабақтың тақырыбы: Кенесары хандығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Кенесары ханның қоғамдық - саяси өмірі мен Кенесары құрған хандықтың тарихи маңызын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
- Қазақ хандығының ең соңғы ханы Кенесары Қасымұлының құрған хандығының құрылу тарихын, патша өкіметіне қарсы бағытталған саясатымен таныстыру.
- Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық іздемпаздық қасиеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-«Батырлар ерлігі ұрпаққа үлгі» деп өз елінің батырлары сияқты елін қорғауға Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданатын әдістер: СТО технологиясы, «сиқырлы шеңбер», «биопоэма», топтастыру.
Көрнекілігі: Қ. Р. карта, слайд, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, математика.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа зейінін аудару;
Сүйетін әр уақытта Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын.
Ол сүйген туған, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын - осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II Үй тапсырмасын сұрау:
1837 - 1847 жылдарындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс.
4 - топқа берілген тапсырмаларға байланысты оқушылар жауап береді.
1 - тапсырма.
1. Көтерілістің себептері мен мақсаты.
2. Көтерілістің қозғаушы күштері мен барысы.
3. Көтерілістің жеңілу себептері мен нәтижесі.
4. Көтерілістің тарихи маңызы.
2 - тапсырма.
Математикалық есептер. 4 - топқа есептер беріледі.

Есептерді шешу, есептердің жауаптары арқылы картамен жұмыс жүргіземіз. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістің қамтитын аумағын кескін картаға түсіреміз.

III Үй тапсырмасын қорытындылау:
Мұғалім: 1837 - 1847 жылдар аралығында орын алған бұл көтерілістің тарихи маңызы зор. Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. Көтеріліс жеңіліп қалғанына қарамастан, қазақ халқының бостандық сүйгіш рухын көтеріп, ғасырлар бойы қалыптасқан тәуелсіздік үшін күрес жолына жұмылдыра білді. Халық өзінің ержүрек азаматтарын шабытпен жырға қосып мақтаныш етіп аңызға айналдырды. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.
«Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз» дегендей бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Кенесары хандығы».

IV Жаңа сабақ.
Кенесары Қасымұлы Шыңғысханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі, әкесі Қасым. 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Қазақ хандығының ең соңғы ханы. 1841 жылы Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып хан сайланды. Патша өкіметіне қарсы, тәуелсіз Кенесары хандығы 1847 жылға дейін өмір сүрген. Кенесары хандығын «сиқырлы шеңберге» саламыз.

Берілген тапсырма бойынша 4 - қимадан шеңбер ұйымдастырылады. Әр бір топтан бір оқушы өз жұмыстарын қорғайды. Осы шеңбердей барлық қазақ рулары бір шаңыраққа жиналып тәуелсіз мемлекеттің негізін қалағандай болды.

V Сабақты бекіту: «Биопоэма» Кенесары хандығындағы беделді, батыр сұлтандардың биопоэмасын оқушылар іздемпаздық жұмыстар арқылы плакаттарды толтырады.
Биопоэма
1. Аты - жөні, айқындайтын белгілері....
2. Оны ерекшелейтін 3 қасиеті....
3. Оның жақсы көретін 3 дүниесі...
4. Оның жаны қаламайтын 3дүниесі...
5. Ол қорқатын 3 нәрсе....
6. Ол мақтанатын 3 дүниесі...
7. Нәтижесі...
Жеткен жетістігі Осал тұсы (жеңілісі)
Осы сұрақтар арқылы Кенесары хандығындағы беделді сұлтандарға сипаттама бере отырып хандықтың тарихта алатын орнын анықтау.

VI Қорытынды:
Кенесары хандығы аз ғана уақыт өмір сүрсе де қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне ұмтылған көрінісі болып табылады. Хан арманы азаттыққа жету болса бүгінде үміті орындалды. Қазақстан тәуелсіздік алды. Кенесары есімі егемендікке қол жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.

VII Бағалау:
Топпен бағалау. Әр топ өздері жинаған ұпайлар сандарын қосып ең үздік топты анықтайды.
VIII Үйге тапсырма: Кенесары хандығы және Қазақ хандығына венн диаграмма.
4 539
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыптардың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар Кенесары
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің барысы, жеңілу себептері, тарихи маңызы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсінеді, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің барысын анықтау.
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Кенесары Қасымұлы басқарған  ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің №5 орта мектебі» ММ Тарих мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Тақырыбы:1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×