Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ тарының атасы

21 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Ш. Берсеевтің туғанына 136жыл

АҚ ТАРЫНЫҢ АТАСЫ

Ш. Берсеев 1881 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Он алты жасқа дейін Көкжар жәрмеңкесінде шайханада істеген. 23 жасында - 1904 жылы - Қобда бойындағы бір байдың жерін жыртып, егінін орып, еңбегіне тары алады. Сол тарыны інісі Таңатарға әкеліп береді. Өзі Хұсайын деген татарға тері - терсек жинаушы болып жалданады. Тек 1917 жылы Таңатар дүниеден өткеннен кейін егінге араласады. 1920 жылғы өнімді жиған соң, екі жерден ұра қазып, 20 пүттан тары көміп қояды. Бірі - өзінің үйінің ішінде, екіншісі - қырда. Өздері бүкіл отбасымен Қарақалпақстанға көшеді. Үш жылдан кейін қайтып келсе, туыстары үйін сатып жіберген. Сатылып кеткен үйін 1936 жылы қайтып алады. Міне, сол кезде баяғы ұраны қазып қараса, көмген тары орнында болып шығады. Сөйтіп, диқандық кәсібіне қайта кіріседі.

Әйгілі тары өсіруші 1932 - 1944 жж. «Құрман» ұжымшарында звено жетекшісі болып еңбек етті. Шөлейтті аймақтың ауа - райына қарамастан, ұзақ жылдар бойы оның звеносы тарыдан мол өнім алды. 1940 жылы - 125 центнер, 1941 жылы - 150 центнер, 1942 жылы - 175 центнер, 1943 жылы - 204 центнер өнім жинады. Мұндай жоғары нәтижеге Берсеев тары тұқымын қыс бойы әзірлеп - баптау, мұқият іріктеу, көктемгі егісті дер кезінде жүргізу, егінді баптап күту, орақты ысырапсыз өткізу арқылы жетті. Бұл ұжымшардан Берсеевтің іс - тәжірибесін үйреніп, тары өсірудің шеберлері (берсеевшілер) шықты. Берсеев Ұлы Отан соғысы (1941 - 1945) жылдары әскери ұшақ жасау үшін мемлекеттік қорғаныс қорына аударды, өз табысынан тары өткізді. 1950 - 80 жылдары республика тары өсірушілері арасында «берсеевшілер» қозғалысы кең өріс алды.

Ақтебе, Батыс Қазақстан т. б. облыстарда арнайы звенолар құрылып, олар Берсеевтің озық тәжірибесі мен жетістіктерін пайдалана отырып, тарыдан мол өнім алуға қол жеткізді. Қазақ халқы XX ғасырдың 20 - 30 жылдарында малдан айрылды, нан елде 50 - 60 жылдары ғана молайды. Осы екі аралықта қазақты асыраған, аман сақтаған - Тары. Тары туралы: «Шайға салсаң - сүт, сүтке салсаң - май», «Бидайдан бір тамғанда, тарыдан БЕРСЕЕВ екі тамады» сынды мақалдар тегіннен - тегін шықпаған. Тарыны етке қоссаң - нан. Су мен сүтке араластырсаң - қымыздай көже. Үгіп майға салсаң - жент. Әрі тәтті, әрі нәрлі қазақ халуасы. Қайнатып қуырып алып, ақтап жесең бірде - сусын, бірде - тамақ. Алпыстағы Шығанақ «қызыл қанын, маңдай терін ағызып» жүріп, сол тарыдан неғұрлым мол өнім алудың жолын іздегенде, рекорд жасау үшін емес, қазақ үшін, қазақты тойындыру үшін іздеді; жеке басының үлгісімен мыңдаған адамдарды егін салуға жұмылдыра білді, сөйтіп, жұртын ашаршылық, тырнағынан арашалап қалды.

Шығанақ Берсеевтің даңқы Кеңес Одағынан да әрі кетті. Американдықтар оны «Тары докторы» деп атады.
Уақытында Шығынақтың еңбегі лайықты бағаланды. 1940 жылы оған Ленин ордені берілді. Шығанаққа Сталиннің өзі алғыс хаттар жіберген. Шығанақ дүниеден өткенде, (1944 жылы), ауыр кезең болғанына қарамастан, оның есімін құрметтеу мақсатында Ақтөбе қаласында ескерткіш орнату, студенттерге Шығанақ атындағы степендия тағайындау, ол рекорд жасаған жерге белгі орнату, шығарма жазу т. б. шаралар көзделген қаулы қабылданған. Ал 2005 ж. «Жазушы» баспасынан белгілі журналист Идош Асқардың «Шығанақ. Қазақ елінің еңбек паспорты» атты кітабы жарыққа шықты. Ойыл ауданында Берсеев атында орта мектеп, мұражай және оның ескерткіші бар, Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған.

Сауаты жоқ болғанмен, көңіл ашық Шығанақ
Жоғарыға жаздырды.
Бұл да оған бір азап.
Алты есе көп егісті суаруға жететін
Мотор құрды, насосты үкіметтен сұрап ап,
Дәуірге жетті қайырлы
Ойылдың көне даласы,
Болғанмен оты байырғы,
Отынның керек жаңасы.

Шығанақ Берсеұлы көшпелі еді,
Қазақтың даласында өскен еді,
Ойылдың жағасында
Жусанды дүзге тары өскен еді.
Бұл тары көшпенді елдің дақылы еді,
Еккенде шап - шағын - ақ атырабы.
Төзімді аңызаққа, түсімі мол,-
Диқанға сонысымен мақұл еді.
Оңай ма ору, отау тары затын,
Запы боп халық содан зарығатын,
Тарыны тәрк етсе де талай бейбақ,
Тары деп Шығанақ тек жанығатын.

Мұнай тартып тереңнен шығаратын бір затты
Көрген еді Шығанақ сонау кезде бағыда.
Шығыр айдап түйемен боп жүргенде түн қатты
Сол көргені диқанның түсті міне жадына.
Дәуірге жетті қайырлы
Ойылдың көне даласы.
Болғанмен оты байырғы,
Отынның керек жаңасы.

Кеңестік қаламгер Геннадий Фиштің «Болмысты болдырған» деген әңгімесінің ізімен 1950 жылы неміс романисі, ақын, әйгілі драматург Бертольт Брехт «Тары» атты поэмасын жазды. Б. Брехт Қазақстанда болмаған, Шығанақ Берсеұлын көрмеген. Г. Фиштің бұл әңгімесі 1948 жылы «Огонек» журналының 43 - 44 санында жарияланған болатын.

Бұл колхоздан тары өсірудің көптеген шебері шықты. Берсеевшілер — тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасаған Берсеев Шығанақтың ізін қуушылар. Ұлы Отан соғысы алдында Ақтөбе облысында Берсеевшілер қозғалысы кең өріс алды. Әрбір шаруашылықта Берсеевші звено, бригада құрылды. Мұны бастаушылар: Ойыл ауданында Зәуре Баймолдина, Ақбала Берсеева, Қашқын Соқыров, Таған Ұзақбаев, Балмұқан Ақабаев, Қобда ауданында агроном Ивченко, Әзима Бектенова, Ырғыз ауданында Өксікбай Ашамбаев, Қойлыбай Белесов, Мартөк ауданында агроном Неженцева болды.

Назарларыңызға рахмет!

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№15 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Қалиева Жанар Алдамжарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 654
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Диктант (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақтың ұлттық тағамдары. Сөк. Қуырған тарыны қазақ сөк деп атайды. Ол үшін тары жел өтіне суырылып, екшеленеді, тазаланады. Бірнеше рет таза суға жуылады. Дегдігенше оны аздап кептіреді де, қазанға су құйып, тарыны соған салып, қайнатады.
Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық сұрақтары
Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындық сұрақтары
1. Үйсіндер өсірген дәнді дақылдар: А) Бидай, жүгері В) Күріш, арпа С) Бидай, күріш Д) Арпа, тары Е) Тары, күріш
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна) Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина.
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов (1897-1961 ж.ж.) Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×