Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұхтар Әуезов

10 маусым 2011, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Мұхтар Әуезов (1897-1961 ж.ж.)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазіргі Семей облысының Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыс болысы) 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез – екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар. Оның үстіне Әуез де, Омархан да Абаймен көңілдес, ауылдары іргелес, сондықтан ақынның айналасымен аралас-құралас тіршілік кешіпті. Мұның өзі Мұхтардың қаламгерлік қызметінде, керек десеңіз, тіпті, бүкіл таланты мен талайында шешуші рөл атқарған.

1904 жылы дүниеден Абай кетіп, «Қазақ поэзиясының күні тұтылған» тұста, жетіге жаңа толған жас мұқатардың күллі ұлты мәдениетіне ұлы тұлға, алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте, ешкім біле қойған жоқ-ты. Енді ойлап қарасақ, Абай мен Мұхтардың бұл әдеби жалғастығында Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыстығындай бір тамаша туыстық бар екен.

Асылы, шын мәніндегі шынайы таланттың әдебиетке, яки өнерге келу тарихында жалпыға ортақ табиғи заңдылықпен қатар, өзгеге ұқсамайтын оқыс, оқшау құпиялар да болады. Бұл ретте бала Мұхтардың алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашуы – арнайы назар аударарлық нәрсе!

Он бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға - немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы біршама ұзақ (1908-1930) сапары басталады. Алдымен, Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл оқиды. Бұл Мұхтардың алаңсыз кітап соңына түскен – орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа классикасымен етене, кең және терең танысқан жылдары еді. Өзі де сөз өнеріндегі алғашқы адымымен осы тұстан бастап, қысқа-қысқа өлең, шағын-шағын әңгімелер жазып жүреді. Оқуда өте ынталы, қабілетті, ізденгіш, еңбекқор, озат шәкірт болады. Семинарияда орыс тілінен сабақ берген Василий Попов бұл туралы былай депті:

- Алдымен партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр. Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік; ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз.

Бұл Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген жаңа өкіметтің алғашқы жылдары еді. Мұхтар Әуезов қаламгерлік еңбекпен қатар бірнеше жыл қоғам өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы Қазақстан Орталық атқару комитетінде ресми қызметтер атқарады да, одан әрі оқуын қайта жалғастырады. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетінде өз бетімен тыңдаушы болып түседі, бір жылдан соң Санкт-Петербург университетінде ауысып оның филология факультетін 1928 жылы бітіреді,ақыр аяғында Орта Азия мемлекеттік университетінде Шығыс факультетінің аспирантурасын оқып аяқтап шығады (1930).
7 689
0
дауыс


Жаңалықтар
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен әлемдік әдебиетке қосқан үлесін, хикаяттағы тарихи тұлға арқылы оқушылардың көзін шындыққа жеткізу. Мағжан Жұмабаев, Шерхан Мұртаза шығармаларымен байланыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 36. Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар» 37. С. Мұқанов «Лашын» 38. Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» 39. С. Бегалин «Бала Шоқан» 40. Қ. Әбдіқадіров «Қажымұқан»
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Тұрсын Жұртбай "Қоңыр қозы"
Тұрсын Жұртбай "Қоңыр қозы"
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Лаура Қожанова
Мұхтар аты – мақтаныш
Мұхтар аты – мақтаныш
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М.О.Әуезов атындағы №6жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У. 3 сынып Тақырыбы: «Мұхтар аты – мақтаныш»
Пікірлер (0)
×