Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы

21 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. (8 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушыларды талдап салыстыруға, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін
сүйетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу және сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның», «Қазақстан Республикасының» карталары, интерактивті тақта, слайд, кесте, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Білімін жан – жақты жетілдіру
4. Жаңа сабақ
5. Жаңа сабақты бекіту
6. Қорытындылау
7. Бағалау.
8. Үй тапсырмасын беру.

І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгелдеу
б) Құрал - жабдықтарын тексеру
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
г) Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
1 топ – «Ақиқат» тобы
2 топ – «Тапқыр» тобы

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Екі топқада ортақ және жеке тапсырмалар беріледі. Қай топ жылдам және
дұрыс жауап берсе, ұпай сол топқа беріледі. Екі топтың жарысы сабақтың
соңына дейін жалғасып отырады. Топтардың ішінде белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.
1 тапсырма: Сандар сөйлейді /қатесін табады/
Саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі Шығыс және
Орталық Қазақстан.
2 тапсырма Деңгейлік тапсырма

А) екі топтың 1 оқушысына картотека тапсырмасын беру
1. Азаттық қозғалыстың ағымындағы көрнекті тұлғаларды жаз.
Н. И. Долгополов, А. В. Леонтьев, Е. П. Михаэлис, А. Блек т. б.
2. 1881 жылғы тамыз айының 29 күні патша үкіметі қандай шешім шығарды? Саяси жер аударуды Қазақстанның Далалық губернаторларына тарату туралы арнайы шешім шығарды.
Б) Қалған топтың оқушыларына деңгейлік тапсырмалар беру

Күрделі сұрақтар
1. Қай жылдары Польшадағы ұлт - азаттық қозғалыс көп ұлтты Ресей империясының қоғамдық - саяси өмірінде ерекше орын алды? 1863 - 1864жж
2. ХІХ ғ 40 - жылдарында бір поляк Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе - жүз кездескендігі туралы өз жазбаларында қызықты сипаттайды. Осы поляк акыны кім? Адольф Янушкевич

Орташа сұрақтар
1. Польша азаттық күресінің 60 - жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскен кім? Северин Северинович Гросс
2. Саяси жер аударылғандардың ұсынысы бойынша 1884 ж Семей облыстық статистикалық комитетіне кім мүше болып сайланды?
Абай Құнанбайұлы

Жеңіл сұрақтар
1. ХІХ ғ 80 - 90 жылдарда қай жерлерде көпшілікке арналған
кітапханалар ашылды? Верныйда, Оралда, Семейде
2. ХІХ ғасырдың 40 - жылдары Густав Зелинскийдің жазған поэмасын ата.
«Қырғыз» («Қазақ»)
Екі топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды

Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№29 Александр Герцен орта мектебі Үсенқұлова С. Е.

ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. жүктеу
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. слайдын жүктеу
7 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Конспект Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - демографиялық дамуы
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×