Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарахан мемлекеті (942 - 1212 жылдар)

19 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Тарих
Тарих 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті (942 - 1212 жылдар)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6. 3. 1. 3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
6. 3. 1. 7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау;
6. 3. 1. 3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Сабақ мақсаттары: Х ғасырдың ортасы - ХІІІ ғасырдың басындағы Қарахан мемлекетімен таныстыру.
SMART мақсаты:
Оқушылардың бәрі: Қарахан мемлекетінің тарихын түсіну.
Оқушылардың көбі: Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдау себебін анықтау.
Оқушылардың кейбіреуі: Саяси - әлеуметтік құрылымын салыстыру.
Бағалау критерийлері Қарахан мемлекетінің жер аумағын көрсетеді.
Тарихи оқиғаларды анықтайды;
Құрылымын түсінеді, салыстырады.
Тілдік мақсат: Айтылым – жазылым, жазылым - айтылым№2, №3оқылым - айтылым
Құндылықтарға баулу Орта ғасыр мемлекетінің тарихын тану арқылы жалпы адамзаттың құндылықтарын құрметтеу.
Пәнаралық байланыс: География, Қазақстан тарихы.
Алдыңғы білім: «Ой қозғау» сұрақтар арқылы екінші тарау бойынша білімдерін, түсініктерін анықтау.

Басы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.
Сыныптағы Психологиялық ахуалды туғызуға арналған жаттығу.
Оқушылар орындарынан тұрып қолдарынан ұстап бір - біріне тілек білдіреді
Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз.
«Ой қозғау» стратегиясы. Екінші тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Ортасы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қарахан мемлекті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде көптеп кездеседі. Онда қарлұқтар арасынан түркі тайпаларына билік еткен «қағандардың қағаны» шыққанын айтады. Қарахан әулетінің шығу тегі Қашқарияда өмір сүрген қарлұқтармен байланысты. 940 жылы Қашғарияның қарлұқ тайпалары Баласұғынды басып алып, Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады. Осылайша, ғылымда Қарахан мемлекеті аталған жаңа Түркі империясы құрылды. 999жылы қарахандықтар Орта Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді. Бұл өзен Қарахан мемлекеті мен Газнауилер арасындағы шекара болды.
Х ғасырдың соңына қарай қағанаттың жер аумағы қалыптасты. Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солтүстік шекара Балқаш пен Алакөл көлдерінің бойымен өтті. Қарахандықтар иеліктері батысында Мауаранхарды(Әмудария мен Сырдария), Жетісу жерін шығысында Қашғарды қамтыды.
Кілтті сөздерді дәптерлеріне жазу: жігіл, яғма, иқта, иқтадар, вақф, мүлік.

Білу және түсіну 10 минут
Жұптық тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату)
1жұп - Әлеуметтік құрылым.
2жұп - Исламның қабылдануы
3жұп - Қарахан мемлекетінің құлауы.
Сергіту сәті: « Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығу.
Жаттығу нәтижесі: Оқушылар көңіл күйін, денсаулығын жақсартады және айналасындағы оқушылардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Миыңның суретін салу» әдіс - тәсілі. Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толықтырады.

Рефлексия
- нені білді, нені үйренді;
- не әлі де түсініксіз
- қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет.
Үй тапсырмасы: &11тақырып, қосымша тапсырмаларды орындау.

Мектеп: Ақмырза орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Шавалиева М. Ш.
Қарахан мемлекеті. жүктеу
5 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Конспект 10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Қарахан мемлекеті (942-1212ж.ж.)
Қарахан мемлекеті (942-1212ж.ж.)
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Султанова Зухра Садыковна
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×