Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің негізгі ошақтарын біле отырып, ұлт зияларының ұстаған бағытын және тарихи маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылар азаттық күреске басшылық еткен тарихи тұлғаларға байланысты өз пікірлерін ашып айтуға үйренеді.
Тәрбиелік: Өз тарихы үшін мақтаныш сезімі және отанға сүйіспеншілігі қалыптасады. Елін, жерін қорғайтын перзент тәрбиелеуде туған жерін қорғаған Амангелдідей батырдың ерлігін өнеге қылып, кеңінен насихаттау.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, түрлі - түсті жапсырма қағаздар, мәтін, карта, тарихи және әдеби кітаптар: С. Асфендияров «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс», М. Әуезов « Қилы заман», С. Мұқанов
«Ботагөз», Ж. Аймауытов «Қартқожа», Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу» кітаптар.
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, электронды оқулық, интернет желісіндегі дереккөздер
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, пікір алысу,
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, сурет, география

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап, бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын сұрау: “ Ыстық орындық” әдісі
Жаңа сабақ жоспары:
1. А. Иманов бастаған көтеріліс.
2. Жетісудағы көтеріліс
3. Қозғалыстың тарихи маңызы
- Оқушылар алдарында тұрған суретте кім бейнеленген?
Иә, әрине бұл суретте халық батыры - А. Иманов
Суретшілер Ә. Қастеевтің, Қ. Телжановтың, Н. Б. Нұрмұхамедовтің, В. Шамшиннің Аманкелдіге арналған полотнолары, X. Наурызбаев т. б. мүсіншілердің батыр туралы мүсіндік портреттері көпшілікке кеңінен танымал.

Мұғалім: Оқушылар, ұлтымыздың бас бостандығы үшін күрескен тарихымызда батырларымыз көп. Соның бірі де, бірегейі Амангелді Иманов. Амангелді Иманов 1916 жылы ұлт - азаттық көтеріліске қатысып, қол бастаған батырымыздың бірі. Биыл 1916 жылғы көтеріліске 100 жыл. Бүгін батырымыздың ерліктері мен батырға арнап жазылған өлең, жырлар туралы өздерін арқылы білеміз. Әдебиетке көз жүгіртер болсақ, Амангелді Имановқа арнаған ақын - жазушыларымыздың жыр кестелері бар. Атап айтсақ: Омар Шипин «Амангелді батыр», Күдері Жолдыбаев «Амангелдінің Торғайды алғаны» Амангелді батырдың сарбаздары «Амангелді маршы» деген жорық жырын шығарып таратқан.
Оқушылар, осы көтерілістің басшыларының бірі - Аманкелді Имановтың атасы Иман батыр, баласы Амангелді батыр туралы білесіндер ме?! Бұл кісілердің ерлігін ұрпақтар сабақтастығы деуімізге болады. Ұрпақтар cабақтастығы: Атасы Иман батыр - Кенесары бастаған отаршылдыққа қарсы күреске қатынасқан, өзі - Амангелді Иманов – 1916 жылғы ұлт - азаттық күрес басшысы, баласы – Рамазан Амангелдиев – Ұлы Отан соғысында Мәскеу шайқасына қатынасып, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін құртып, өзі де қаза тапты. Міне, үш ұрпақ өкілдері Отан үшін от кешті. Біз – бүгінгі ұрпақ ата - бабаларымыздың ерлік дәстүрін жалғастырушы болуымыз керек.

Мағынаны ашу
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың жеңілу себептері, зардаптары және тарихи маңызы туралы не білеміз?
1 - топқа. Қозғалыстың себептері, мақсаты және сипаты
2 - топқа. Қозғалыстың қозғаушы күштері
3 - топқа. Қозғалыстың басшылары
Оқулықты пайдалана отыра 3 топ өздеріне берілген тақырыпшаларымен жұмыс істейді.
Жұмыс барысы:
1. Жеке жазады.
2. Жұппен талдайды.
3. Шағын топқа салып, ойларын схема, тезис, сурет тағы басқа «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша плакатқа жинақтап жазып, әр шағын топ атынан топ басшысы қорғайды.
Топ басшысына әр топтан бір ұсыныс, бір пікір айтады.
Әр топқа плакаттар, түрлі түсті жапсырма қағаздар мен маркерлер таратылады. Әр топтағы оқушылар қозғалыстың жеңілу себептері, зардаптары және тарихи маңызы не сол туралы жазады.

«Бағдаршам» арқылы постерді бағалау
Қызыл - түсінбеймін
Жасыл - барлығы түсінікті
Сары - орташа
Топ мүшелері бір - бірін бағалайды.

Әр топтан « Автор орындығы» стратегиясы бойынша автор орындығына шығып, өз ойларын жеткізді, А. Иманов туралы сұрақтар берілді.
«Ойтолғау» Сендер 1916 жыл маусым жарлығына байланысты жиынға қатынасып отырмын деп көз алдыңа елестетіңдер. Қандай мәселе талқылануы мүмкін?

«Серпілген сауал» әдісі:
«Ойтолғау» туралы айтқандарының деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырдым.
Мысалы:
“Рысбек Назерке өз жауабында империяның бұратана еркек халқын соғысып жатқан армия шебіне қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынастар салу жөніндегі жұмыстарға тарту туралы мәселе талқыланғаны туралы айтып өтті, сен бұл жарлық туралы не ойлайсың?”
“Самал, Айгүлдің жауабында аталған жарлық қазақ даласына өте ауыр жағдайда қалдырды деген сөзін, барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
Шығармашылық тапсырма:
І топ: Торғайдағы көтеріліс және ерекшелігін айту
ІІ топ: Суретпен жұмыс

Суретті салған кім?
Сурет қалай аталады?
Сурет бойынша әңгіме құрау (АКТ - ны қолдана отырып)
ІІІ топ: Көтерілістің негізгі ошақтарын көрсету, картамен жұмыс

Карта бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Көтерілісшілер қоршап алған елді мекендерді көрсетіңдер.
- Картадан ұлт - азаттық көтерілістің орталықтарын көрсетіңдер.
- А. Имановтың басшылығымен көтерілісшілер ұзақ уақыт бойы қоршауға алған қаланы көрсетіңдер.
- көтерілістің Торғайдағы ошағына қарсы бағытталған жазалау экпедициясының бағытың анықтаңдар, оны кім басқарды?

Сабақты бекіту.
Ашық тест
1. Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан:
А) 500 мың адам алу көзделді
В) 300 мың адам алу көзделді
Б) 400 мың адам алу көзделді
Д) 100 мың адам алу көзделді
2. Қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрығы:
А) 1916 жылы 23 тамызда;
В) 1916жылы 15 желтоқсанда;
Б) 1916 жылы 25 маусымда;
Д) 1917 жылы 27 ақпанда

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы
Кулагино орта мектебінің І санатты тарих пәні мұғалімі
Айсауле Борангалиева Салыковна
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы жүктеу
3 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер
ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер
Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тәсілдерін қолдана отырып, тақырыпқа деген жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету
1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың себебі мен мақсаттарын талдайды және жетекші тұлғалардың еңбектерін сипаттап айта біледі.
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×