Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер

14 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 9 сынып
Тақырыбы:§1 ХХ ғ. басындағы Қазақстанда қоғамдағы саяси үрдістер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық - саяси үдерістер, Қазақстандағы панисламизм жəне пантүркішілдік, Қазақстандағы ұлттық - демократиялық қозғалыстар, Мемлекеттік Дума жұмысына қырғыз (қазақ) облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ə. Бөкейханов,. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы); Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс жəне 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы Жарлық, 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың себептері, ұлт – азаттық қозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, əлеуметтік негізі тақырыпты тереңірек қайталап, бекіту.
Тәрбиелік: Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіру арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыс» картасы. Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері.
А. Байтұрсыновтың сөзі: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ - жауап. Тест

Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Сыныпты түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабақ
1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық қозғалыс қазақ халқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресінің жалғасы. 1914 ж. басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқының құқығын қорлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың көп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.
1. Қозғалыстың мақсаты:
қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ - ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшылар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.
Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының екі түрлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялыларының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шараларының құрбаны болады деп есептеді.

4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай қалыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді өскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Өскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.

5. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
- ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
- шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
- үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
- патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты
топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.
Зардаптары:
- Тек кедей жастары ғана алынды.
- Қазақ азматтары патшаның арзан жұмыс күшіне айналды.
- Билік басындағыларға, бай балаларына жеңілдік берілуі;
- Қазақ азаматтарының иығына ауыр жүк түсті.
- Ата - аналары балаларынан айрылғысы келмеді, Халық күйзелді.
Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған бүкілқазақтық сипаты бар аса зар көтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұғн қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.

IV. Сабақты бекіту.
Ашық тест
1. Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан:
А) 500 мың адам алу көзделді
В) 300 мың адам алу көзделді
Б) 400 мың адам алу көзделді
Д) 100 мың адам алу көзделді
2. Қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрығы:
А) 1916 жылы 23 тамызда;
В) 1916жылы 15 желтоқсанда;
Б) 1916 жылы 25 маусымда;
Д) 1917 жылы 27 ақпанда
3. XX басында зиялылар арасында ұлт - азаттық идеясын таратушы, Ресейдің либерал - демократиялық қозғалысының қайраткері.
А) А. Байтұрсынов.
В) Ә. Бөкейханов.
С) Т. Рысқұлов.
D) С. Смағұлов.
4. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай - Нұра болысының ханы болып сайланған:
А) Оспан Шонов
В) Сәкен Сейфуллин
С) Нұрлан Қияшев
Е) Бекболат Әшекеев
5. Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт - азаттық көтерілістің қолбасшысы:
А) А. Иманов.
В) А. Байтұрсынов.
С) Ә. Бөкейханов.
D) С. Меңдешев.
24 848
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы
Әлихан Бөкейханов XX ғасыр ұлт көшбасшысы
Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру.
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Күнделікті сабақ жоспарлары. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
Күнделікті сабақ жоспарлары. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
Тарих пәні бойынша күнделікті сабақ жоспары
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
Ұлт азаттық қозғалыстың барысы
ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың себебі мен мақсаттарын талдайды және жетекші тұлғалардың еңбектерін сипаттап айта біледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×