Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) ғұн мемлекетінің алғашқы тарихы туралы теориялық мәліметтер беру.
ә) Оқушыларға халқымыздың негізі болған ғұн мемлекеті туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: а) Оқушылардың жеке тұлғалық қабілетін дамыту.

Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) ғұн мемлекетінің алғашқы тарихы туралы теориялық мәліметтер беру.
ә) Оқушыларға халқымыздың негізі болған ғұн мемлекеті туралы мәліметтер беру.
Дамытушылық: а) Оқушылардың жеке тұлғалық қабілетін дамыту
ә) Пән бойынша білім, біліктілік дағдысын дамыту
Тәрбиелік: а) Оқушыларды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу
ә) Өз туған халқының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
б) Өз халқының сал - дәстүрін қадірлеуге, рухани ізгілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Интерактивті
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, СТО (сын тұрғысынан ойлау), танымдық ойындар, ойшақыру, витогенді (өмірмен байланыс) әдіс
Пәнаралық байланыс: География, ежелгі дәуір әдебиеті, этнопедагогика, көркем сурет, өнер
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, саяси карта, сөзжұмбақ, кестелер, қоржын, тірек - сызбалар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау: (12 мин)

1.“Кім шапшаң?” ойыны
2. Картамен жұмыс (қоржындағы асық түсімен кеспені сәйкестендіріп алып, кеспедегі сұраққа жауап береді)
3.”Ретін тап” ойыны
4. “Ойлан тап” ойыны
3. Жаңа сабақ (15 мин)
1. Ғұн мемлекетінің құрылуы
2. Ғұн тайпаларының бірлестігі мен қоғамдық құрылымы
3. Ғұндардың тұрмысы мен мәдениеті

б. з. б 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орта Азияның кең – байтақ кеңістігінде әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде “Ғұн” сөзі “гун, руң, хуню” атауымен берілген. Қытайлар Ғұндардың басшысын ”шанью” деп атаған

Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар кірген. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрып: сол, орталық, оң қанатқа, бөлінген. Мемлекетті шаньюй басқарған. Шаньюден кейінгі басты тұлға “Түменбасы” болды “Түменбасы” шаньюдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары болды. Ғұндар 24 рудан құралады. Түменбасы 10 мың атты әскерді басқарған. Ғұндарда ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару - жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Барлық Бекзадалар “Аспанға, жерге ата - баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін” жылына үш рет шаньюдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған. Олар мемлекеттік істерді талқылады. Қытай жылнамаларында айтылғандай, б. з. б 4 және 3 ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Ғұндар мен Қытай елінің арасындағы соғыс қимылдары үш жүз жылға созылған.

Б. з. б. 3 ғасырда Цин патшалығы өзінің шекарасын ғұндардан қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. Қорған 4 мың шақырымға созылған, биіктігі 10 метр, әр 60 - 100 метр сайын күзет мұнарасы қойылған.

Ғұн тайпалардың Хан әулетін жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Олар жыл сайын көшпенділерге жібек мата, әшекей заттар жіберіп тұрған. Сөйтіп Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықта құдіретті Ғұн мемлекеті пайда болды. Ғұн мемлекеті б. 3. б. 55 жылдары оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Оңтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айрылып, Хан әулетінің қол астына бағынды. Солтүстік ғұндар б. з. б. 1 ғасырдың аяғында Чжи - Чжи шаньюдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжыды. Олар Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпаларының жеріне жетеді, олармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жақтарына көшіп қонуға мүмкіндік алады. Қазақстанның оңтүстік батысы мен Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б. з. 1 ғасырынан басталады. Олардың көрсетілген жерлерге келуі ондағы алан, ас тайпаларын батысқа Каспий теңізіне қарай ығысуына мәжбүр етті. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аудару” мезгілі деген атпен белгілі. Ғұндар жылжи отырып Дунай арқылы Батыс Еуропаға дейін жетті.

Ғұндар Рим империасына үлкен қауіп төндірді. Ғұндардың ержүрек жауынгер, дарынды қолбасшы, қаһарлы ел билеушісі болған Атилла 451 ж Галлиядағы Каталауын даласындағы римдіктермен, франктердің т. б. Біріккен күштерімен шайқасты. 453 ж Атилла қайтыс болған соң ғұн мемлекеті ыдырап кетті. Атилла туралы неміс, француз және италиян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди “Атилла” операсын жазды. Ғұндар өмірінде мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рол атқарады. Сонымен қатар аң аулау кәсібі мен қолөнер дамыған. Ғұндардың баспанасы киіз үй және шикі кірпіштен тұрғызылған үй болды. Ғұндардың өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазасы кесілген. Ал ұсақ қылмыстары үшін бетін тілген. Көшпенділердің зергерлері алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен.

Олар бұйымдардың бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған. Әшекейлеудің тағы бір түрі безендіру кезінде бұйымға сәнділік үшін түрлі - түсті заттар жапсырған. Ғалымдар мұндай стильді “плихромдық стиль” деп атаған. Сонымен қатар бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесін қолданған.
4. Жаңа сабақты бекіту (14 мин)
Жаңа сабақты “біз не білдік?” сұрағы бойынша бекіту
● Ғұн мемлекетінің қалыптаcуы
● Ғұн қоғамы
● Құқықтық қорғау жүйесі бойынша жаза
● Шаруашылығы
● Баспанасы
● Көшпелілердің тұрмысқа қажетті заттары
● Ғұндардың діни - нанымдары
● Зергерлік өнер
• Үйге тапсырма (2 мин)
1. Ғұн тайпалары туралы мәліметтер жинау
2. Ержүрек қолбасшы Еділ (Атилла) туралы ізденіс жұмыстарын жүргізіп, рефераттар жазу
• Оқушыларды бағалау (2 мин)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілікті зерттеу тарихы
көшпеліліктің қалыптасу туралы оқыта отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, білімділігін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
7 ТАРАУ. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары Конспект 15 ғасырдың ортасында Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс, дербес хандықтар пайда болды. Олардың өзара жер үшін таласы тайпалар
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Арыс қаласы, № 32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Толқын Есеновна
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×