Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоғам және экономика

26 наурыз 2020, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Пән аты: «Адам және қоғам»
Сабақтың тақырыбы: «Қоғам және экономика»
Сабақтың мақсаты: Ойын ойнату арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі, білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, теория мен практиканы ұштастыруға білуге, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.
А) білімділік: «Адам және қоғам, экономика жайлы білімдерді жетілдіру»
Б) дамытушылық: Түрлі дерек көздерімен жұмыс жасау, біліктіліктерін, іздемпаздықтарын, сөйлеу тілдерін дамыту
В) тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жүйелікке, жауапкершілікке, іздемпаздыққа, әсемдікке баулы, тарихты құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерге.
ІІ. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
ІІІ. Сабақтың әдісі: ойын.
ІV. Пән аралық байланыс: География, нарықтық экономика, құқық, қазақстан тарихы.
V. Көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, конверттер, плакаттар, кітаптар көрмесі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, топ оқушыларының сабаққа даярлығын тексеру.
Қош келдің құтты мекен еліне,
Батыр атам мекен еткен жеріне.
Шәкірттерім, бері жақын келіндер,
Бақтарыңды сынға салып көріңдер.
Білімдерін сынамақшы ойында,
Кімдер жүйрік, кімдер епті білі4дер.
ІІ. Тарау бойынша қайталау болғандықтан ойын түрде оқушылардың білімін тексеру және қосымша білімдерін жетілдіру. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Ойынға қатысатын топтар мен және ойын ережесімен таныстыру. Ойын ІV кезеңнен құралған. Әр кезеңде топ оқушылары берілген сұрақтарға жауап беріп «Алтын қорға ұпай жинайды».

Ойын шарты:
І – кезең. «Қанат қақты»
ІІ – кезең. «Домино ойыны»
ІІІ – кезең. «Самғау»
ІV – кезең. «Ойлан тап»
V – кезең. «Стратегиялық бағыт»кестемен жұмыс

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан Әл – Бируни. Ендеше ойынымызды бастайық.
І - кезең.«Қанат қақты». бұл кезеңнің шарты бойынша екі топқа бірдей бес сұрақтан он сұрақ беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы құс қанатын құрастырады. Ойын соңында әр топ өз ұпайын топтасып құрған құсынан байқайды.

І – топқа қойылатын сұрақ:
1.. Адам баласының қажеттілігін өтеудің нақты жолы не?(Еңбек)
2. Игілік дегеніміз не?(Адамның қажеттілігін өтейтін заттар тізбесі және оның мүддесіне мақсатына пайдаланушының талабына жауап беретін еңбек өнімі.)
3. Материалдық игіліктердің экономикалық емес бөліміне не жатады?(Жаратылыстық ауа, су, күн сәулесі сияқты қай мезгілде қай уақытта болсын емін - еркін пайдаланатын қорлар жатады, оған адам жағынан ешқандай әрекет қолданылмайды.)
4. Маркетинг дегеніміз?(Нарық жүйесінде тұтынушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізу қызметі)
5. Мемлекет дегеніміз?(Өз орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін, басқару және мәжбүрлеу аппараты, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым)

ІІ. топқа қойылатын сұрақ:
1. Салық дегеніміз не?( )
2. Экономикалық тәуелсіздік дегеніміз?(Ұлттық экономиканы тиімді тұтыну қажеттіліктерін қамтамасыз ету )
3. Материалдық қажеттіліктерді өтеу неге тән?(Жеке адамға, адам топтарына, отбасына, белгілі бір ұйымға, бүкіл бір мемлекетке, жалпы адамзат қоғамына)
4. Материалдық игіліктерге нелер жатады?(жер, ауа, климат, тамақ өнімдері, ғимараттар, машиналар, құрал жабдықтар, соған қоса патенттер, авторлық құқықтар)
5. Менеджер дегеніміз кім?(Кәсіби жалдамалы басқарушы яғни өндірісті басқару жөніндегі маман)
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал – біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деген ұлы ұстаз А. Байтұрсынов.
Сонымен келесі кезеңімізді бастаймыз.

ІІ – кезең «Домино»ойыны Бұл ойында конвертке салынған сөздерден ереже құрастыру керек.
І топқа берілген конверт ішіндегі сөздерден құралған сөйлем: (Амортизация дегеніміз – негізгі қорлардың құнын, солардың көмегімен өндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бірте – бірте көшіру немесе ақша қаражатын мақсатты түрде жинақтау және оны тозығы жеткен негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.)

ІІ топқа берілген конверт ішіндегі сөздерден құралған сөйлем: (Қаржыландыру дегеніміз Ұлттық экономика мен оның көптеген салаларын дамытуға, әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа жұмсалатын шығындар мен қамтамасыз ету.)
«Бірлікке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,- деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі кезеңге көшелік.

ІІІ – кезең. «Самғау»Бұл кезеңнің шарты бойынша бір рет нар тәуекел жасауға болады яғни мұғалімнен көмек сұрай алады.
І топқа берілетін сұрақ: Нарықтық қатынастарға өту үшін шокотерапия амалын көптеген мемлекеттер пайдаланды. Ол еркін нарықты жүзеге асырады. Мысалға Польша елі жатады. Ал енді сұрақ: Польша елінің идеясының мақсаты қандай және бірінші кезеңіне жататындар? Көмек: Шокотерапия дегеніміз - экономикалық қызметтер арқылы өз мүдделерінің экономикалық тиімділігін қамтамассыз ете отырып көздеген мақсатқа қол жеткізу.(кестемен жұмыс)
Жауабы.:(Польша елінің идеяның мақсаты: макроэкономикалық тұрақтандыру, оның бірінші кезеңіне бағаны ырықтандыру, барынша тез жекешелендіру, ішкі нарықты ашық ұстау қаржылық тұрақтандыру жатады)

ІІ топқа берілетін сұрақ: Ұлттық валютаның айналымға енгізілуі тәуелсіз мемлекет тарихында маңызы зор кезең болып қалмақ және ол Қазақстан Республикасының басты белгісі болуымен айқындалады. Өте құпия жағдайда жасалынған банкнот теңге ұлттық валюта1993 ж15 қарашада енгізілді, оның І долларға шаққандағы айырбастау бағамы 4, 7 теңге болды. Ұлттық валютаның енгізілуі жеткілікті алтын валюта қорын жасауды қажет етті. Ал енді сұрақ: Қазақстанда Лондон биржасының талаптарына сай алтын өндіру қайда ұйымдастырылды және қай жылы қандай компания құрылды?

Көмек: Компания тазартылған алтын өндірді, бүгінде оның зергерлік өндірісі бар. Сонымен қатар 1994 ж 19 мамыр күні Президент Н. Ә. Назарбаев ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасын салтанатты түрде ашты. Жауабы:(Өскемен қорғасын – мырыш комбинатында және 1993 ж жылдың басында «Алтын алмаз»ұлттық акционерлік компаниясы құрылады.)
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»Н. Д. Зеленскийдің сөзімен келесі кезеңге көшеміз.
IV – кезең. «Ойлан тап» Екі топқа да бір Ребус беріледі
V – кезең «Стратегиялық бағыт»кестемен жұмыс. Екі топқа да кесте беріледі, кестені топ пен толтырып, жауабын екі топтан екі оқушы түсіндіріп береді.

ІІІ. Қайталау сабағын бекіту
IV. Оқушыларды бағалау. Бағалау парағын толтырам.
V. Үйге тапсырма беру
Қолданылған әдебиеттер: «Адам және қоғам»оқулық, газет, журналдар.

Қызылорда облысы, Арал қаласы,
Арал көпсалалы колледжінің
тарих пәні оқытушысы Айгүл Қожамсүгірова
12 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Ақшаның шығуы және атқаратын қызметтері
Білім алушыларға ақшаның мәні, шығу тарихы, негізгі қасиеттері мен қызметтері және оның ел экономикасында алатын орны туралы кең көлемде білім беру.
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
Процент
Процент
СҚО, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы. Математика пәні мұғалімі Сатина Ардақты Қизатуллақызы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Банк дегеніміз не?
Банк дегеніміз не?
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Жунисова Нурзила Муратовна 5 сынып. Пәні: Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×