Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы және жастар

09 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Адам, Қоғам, Құқық.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға отбасы, отбасы түрлері мен атқаратын функцияларына, отбасындағы бала мен ата - ана құқығына сипаттама беру.
Тәрбиелік: оқушыларға оқушыларды болашақ отбасы өміріне, оның алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу. Өмір сүруге даярлау, құқықтық тәрбие беру.
Дамытушылық: отбасы, неке туралы құқықтың негіздерін баяндау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру

Сәйкестендіру сұрақтары.
Ұғым Анықтамалар
1. Этнос
2. Ұлт.
3. Халық.
4. Мемлекет.
5. Диаспора
6. Автохтонды ұлт

• Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.
• Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.
• Қазақстан үшін қазақтар
• Қоғамның саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.
• Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті,, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.
• Адамдардың еркі бойынша емес, табиғи және тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі.

3. Білімдерін жан жақты тексеру
1. Қазақстанның ұлттық құрамы.
2. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:
1. Отбасы құрудың басты мақсаты.
2. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдары.
3. Отбасының тұрпаты.
4. Ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынас.
Отбасы - ерлі - зайыптылардың, ата - аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
Отбасының бірнеше түрі болады.

Неке – отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бірі - бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың әрекеттері заңды болады.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы ерлермен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.
Отбасын құру ұстанымдары.
o Ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
o Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
o Бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
o Отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
o Балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
o Кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу;
o Отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
o Отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
o Отбасы мүшелерінің бір - бірінің қамын ойлауы;

Моногамды отбасы
Полигамды отбасы

Отбасы мынадай функция атқарады:
● Бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету.
● Баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау.
● Отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Көптеген адамдар «отбасы құрудың негізі - махаббат» деп есептейді. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілік пен сенімнің де атқаратын рөлі аз болмаса керек.
Сенім – отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады.

Әмеңгерлік дегеніміз – дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі.
Атастыру - қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата - аналарының өз балаларын бір - біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі.

6. Жаңа сабақты бекіту:
Сөзжұмбақ
т о л ы қ
к е ң е й т і л г е н
м а х а б б а т
б а л а
с е н і м
м о н о г а м д ы

Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Ата - анасы және балалары бар отбасы.
2. Ата - анасы балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы.
3. Отбасын құрудың негізі.
4. 18 жасқа толмаған адам.
5. Отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздыларының бірі.
6. Бір әйел мен бір ердің некелік одағы.
7. Үйге тапсырма: Отбасы және жастар.
8. Бағалау:
18 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" тәрбиешісі Шораханова Жансулу
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сарсенова Нәписа Ысқаққызы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×