Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері

22 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Ежелгі дүние тарихы (6 сынып)
Тақырыбы: Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері (презентациясымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерімен таныстыру және мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.
Дамытушылық: Ежелгі Грекияда оқу - білім, тәрбие беруге ерекше мән берілгендігіне оқушылардың назарын аудара отырып, білімнің қажеттігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімді болуға, ғылыми білімнің негізін қалаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: МОТ әдістері, СТО әдістері
Көрнекілігі: Дүние жүзі картасы, интерактивті тақта, тақырыпқа сай суреттер
Пәнаралық байланыс: математика, биология, әдебиет, философия, медицина
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. (Білім биржасы)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1. Ежелгі грек мектептері.
2. Ғылыми білімдердің дамуы.
3. Грек ойшылдары.
4. Грек мәдениетінің маңызы.
ІҮ. Бекіту. “Бағдаршам” ойыны
Ү. Қорытындылау.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге: 25. Ойтолғаныс. “Менің Грекияға барғанда көргендерім...” эссе жазу

"Білім биржасы"
Қызыл – күрделі
Көк – орташа
Сары – жеңіл
Ежелгі Грекиядағы мерекелер кімнің құрметіне тойланып отырған?
Дионис және ынтымақ мерекесін сипаттап, әңгімелеп айтып бер
Грекиядағы ойындар неліктен "Олимпиялық ойындар" деп аталған?
Олимпиялық ойындар ең алғаш қашан болды?
Ежелгі дүниеде қандай спорт түрлері болған?
Ежелгі Грекиядағы Олимпиялық ойындарды қазіргі кезеңдегі Олимпиада ойындарымен салыстыр
Неліктен Грекияны "театр отаны" дейміз?
Бұлар кімдер және олардың қандай еңбектері бар?
Ежелгі Грекиядағы театрды қазіргі уақыттағы театрлармен салыстыр.
Миф дегеніміз не? Грекияның қандай мифтерін білесің?
Ежелгі гректерде қанша құдайлар болған және өзің білетіндерін ата
Ежелгі Грекияда сәулет өнері қалай дамыды?
Гректердегі сәулет өнерінің стильдері
Ежелгі Грекиядағы ірі сәулетті құрылыстарды ата
Ежелгі Грекиядағы мүсіндер қалай жасалды?
Ежелгі Грекиядағы атақты мүсінші кім, оның қандай мүсіндері болған?
Грек өнері дүниежүзілік мәдениетке қандай үлес қосты?

Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
Ж о с п а р ы:
1. Ежелгі грек мектептері.
2. Ғылыми білімдердің дамуы.
3. Грек ойшылдары.
4. Грек мәдениетінің маңызы.

Грек мектептері
І басқыш 3 - 7 жас
ІІ басқыш 7 - 12 жас
ІІІ басқыш 12 - 18 жас

Стиль – бір ұшы үшкір, екінші ұшы доға етіп жасалынған жазу құралы
Палестра – (пале - грекше, күрес) спорт мектебі
Гимнасия – грек мектебі

Гомер (б. з. б. ХІІ - VІІІ ғ.)
Поэмалары: "Илиада" және "Одиссея"
Пифагор (б. з. б VІ ғ.)

... бүкіл табиғат тіршілік күйін кешіп, өзгеріп отырады, тек сан ғана мәңгі өзгермейді. Әрбір құбылыс шексіз өзгере алады, бірақ санның көрнекі белгісі өзгермей қала береді.
Тік бұрышты үшбұрыш қабырғалары квадраттары жайындағы теоремасы Пифагор теоремасы деп аталады.

Фалес (б. з. б VІ ғ.)
Жерге түскен көлеңкелеріне қарап, Египет пирамидаларының биіктігін өлшеді

Эмпедокл
Органикалық тіршіліктің бәрі тізбектеліп отыратындығы дәлелдеп, органикалық заттардың шығуы туралы тұжырымдады.

Гиппократ
• Адам ағзасындағы өзгерістердің бәрі табиғат пен климат әсерінен болады.
• 60 - қа жуық әр түрлі медициналық еңбектер жазды.
• Азия және Египет елдерінің халық медицинасын пайдалану туралы еңбегі бар.
• Гиппократ анты деп аталатын ант мәтінін де жазған.

Геродот - тарих атасы
“Тарих” атты еңбегінің алғысөзі мынадай сөздермен басталады:
“Геродот көптеген халықтардың ұлы және даңқты істері ұмытылып қалмауы үшін осы мәліметтерді жинады және жазып шықты”

Аристотель(б. з. б 384 - 322жж)
Философия, тарих, математика, жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуына зор үлес қосқан.
“Саясат” деген еңбегі мемлекет және мемлекеттің құрылымына, түрлеріне арналды.

Демокрит
300 - ге жуық шығарма жазған.
Тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады, атомдар мәңгілік және қозғалыста болады деген пікір айтқан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 437
0
  • 100
4 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен түсініктеме
Қазақ тілінен түсініктеме
Лексика (грек.) - “сөздік қор” Лингвистика (латын) – тіл білімі
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Грекия қала - мемлекеті
Грекия қала - мемлекеті
Ежелгі Грекиядағы қала - мемлекеттердің қалыптасуын және Афины мен Спартаның дамуы туралы түсіндіру.
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер
Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77А. Асқаров атындағы мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ботабаева Күнсұлу Садуахасқызы
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Аристотель
Аристотель
Аристотель Бұл кісінің есімі халық арасында бұрыннан-ақ әйгілі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×