Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллект сайысы

30 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
7 сынып Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: «Интеллект» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, қорыту.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: слайд, суреттер, карточкалар, математикалық есептер.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: пікіралысу, сұрақ - жауап, миға шабуыл.

Барысы:
І. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу.
ІІ. Сабақтың жүрісі:
І – тур. «Қанат қақты»
ІІ – тур. “Білеміз бе?”
ІІІ – тур. “Тұлғаны таны”
ІV – тур. Тарихи криптограмма
V – тур. Математикалық ойын
VІ – тур. Байқампаздар сайысы

Ойынның өтілу тәртібі:
1. Ойынға екі топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланады.
2. Топ атауы, ұраны болады.
3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.
І. Қанат қақты! Жетекшілір сайысы 7 сұрақтан 10 сұрақ қойылады иә немесе жоқ деген жауаптары бар. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

І топ: Алтын Орда командасына.
1. Түрік қағанаты тарихта алғашқы қағанат па? (иә немесе жоқ)
2. Тараздың бұрынғы атауы Суяп қаласыма? (иә немесе жоқ)
3. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған Сұлу қаған ба? (иә немесе жоқ)
4. Махмұд Қашғари Баласағұн қаласында еңбек еткен ба? (иә немесе жоқ)
5. Орыс жылнамаларында половшылар деп қарлұқтарды атаған ба? (иә немесе жоқ)
6. Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы теле дұрыс па? (иә немесе жоқ)
7. Ташкент қаласының бұрынғы аты Шаш қаласы болған ба? (иә немесе жоқ)

ІІ топ: Ақ Орда командасы.
1. Көне түріктердің негізгі жазуы руна ма? (иә немесе жоқ)
2. Ғұн державасының негізін қалаған Аттила ма? (иә немесе жоқ)
3. Түрік қағандығының іргесін қалаған Бумын қаған ба? (иә немесе жоқ)
4. Жібек соғды елінен әкелінетін тауар ма? (иә немесе жоқ)
5. Баласағұн оғыздардың астанасы ма? (иә немесе жоқ)
6. Суяб қаласы Шу өзеннің бойында орналасқан ба? (иә немесе жоқ)
7. Оғыздардың әскербасшы шанью деп аталған ба? (иә немесе жоқ)

ІІ. “Білеміз бе?”
Әр ұяшықта сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берулерін керек.
Егер қосымша көмек алсаңдар онда ұпайларын кемиді. Толық жауап 20 ұпай, жартылай жауап 10 ұпай мен бағаланады.
1 - ші сұрақ:
Жужан қағаны Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздеп, маған қызын әйелдікке берсін деп елші жіберген түрік қолбасшысы кім?
Қосымша көмек:
Жауабы: Бумын

2 - сұрақ: Қыпшақтың елбөрілі тайпасы табынған аң?
Жауабы: Қасқыр.

2 - сұрақ: 942 - 1212 жылдары – батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі жерлерде билік құрған алғаш мұсылман түрік мемлекеті.
Қазақтар жайлауға көшкенде мал мен көшті жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізген. Тек бір түлік от ортасынан өтпеген. Ол қай түлік?
Қосымша көмек:
1. 1040 жылы мемлекет Батыс және Шығыс мемлекеті болып екіге бөлінеді.
2. Қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед осы мемлекеті құлатады.
Жауабы: Қарахан мемлекеті

4 - сұрақ: Оғыз мемлекетінің 24 тайпадан тұрғандығын жазған тариқшы кім?
Қосымша көмек:
Жауабы: М. Қашқари:
5 - сұрақ: Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған. Ол қай жыл?
Қосымша көмек:
1. қысы қатты болатын жыл
2. жылдың мезгіліне байланысты түсін өзгертіп отыратын хайуан
Жауабы: Қоян жылы.
6 - сұрақ: Александр Дюма 19 ғ ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңқалып, күнделігіне: «Бұл үй архитектураның биік шыңы»,- деп жазыпты. Дюманы таңқалдырған қандай үй?
Қосымша көмек:
1. олардың 6, 8, 12 қанатты түрлері бар
2. бұл үйдің қабырғасы - кереге
Жауабы: қазақтың киіз үйі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 583
0
  • 80
7 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×