Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Білімділер" тренингі тарих пәнінен

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
«Білімділер» тренингі
Мақсаты: Ойын арқылы оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау, тапқырлыққа, шешендікке, өздігінен жұмыс істеуге баулу, ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, конверттер, топтардың аты жазылған парақ, кері әсер парағы, гүлдер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика

Мұғалім: «Оқу адамды білімді болуға, әңгімелесу – тапқырлыққа, естігенді жазып отыру - дәлдікке тәрбиелейді»- деп Ф. Бэкон ойшыл айтқандай, «Білімділер» тренингіне қош келдіңіздер!
Әділқазылар алқасын бекіту.
Тренингтің жоспары:
1. Танысу: - топ мүшелерін таныстырады;
- ұрандарын айтады
2. Топты бейнелену (Әр топ өздерін бейнелейді. Қимылмен, өлеңмен, суретпен, көрініспен, т. б. қалауы бойынша)
3. «Ой қозғау» (осы сөздердің мәнін ашу) Тарих, Білім, Ауылым
4. «Эрудит» (Қарсылас топтар бір – бірлеріне сұрақ қояды)
5. Білім сапасын көтерудің бес жолы. (Топтар білім сапасын көтерудің дәлелді бес жолын ұсынады)
6. Тарихшыдан сұрақ. Сұрақтар үш конвертке салынған. Әр конвертте бес сұрақтан.
1 - конвертте:
1. Мұхаммед пайғамбар бұдан 1352 жыл бұрын Меккеден Мәдинеге қоныс аударған. Сонда пайғамбар қай жылы қоныс аударды? (622 жыл)
2. Ақсақ Темірдің мұражайы орналасқан қаланы ата. (Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент қаласында )
3. 1961 жылы ең алғаш ғарышқа ұшқан Ю. Гагаринге Олжас Сүлейменов өзінің қандай поэмасын арнады? Үзінді келтір. (Адамға табын жер енді)
4. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн құдайының мүсіні, биіктігі 45 м. Б. з. б. 285 жылы жасалған, б. з. б. 224 жылы жер сілкінісінде қираған, әлемнің жеті кереметінің бірі. (Родос алыбы)
5. Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.- Бұл кімнің сөзі? (Әйтеке бидің)
2 - конвертте:
1. Б. з. б. 519 - 518 жылдары сақтар І Дариймен соғысты, содан бері қанша уақыт өтті? (2533 жыл өтті)
2 1998 жылы ЮНЕСКО - ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталған қаланы ата. (ҚР астанасы - Астана қаласы)
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл Жабаев өзінің қай өлеңімен майдангерлерге рух берді? (Ленинградтық өрендерім)
4. Әлемнің жеті кереметінің бірі, б. з. б 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне жасатқан бақ қалай аталады? (Аспалы бақ)
5. Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.- Бұл кімнің сөзі? (Қазыбек бидің)
3 - конвертте:
1. Б. з. б. 209 жылы Орталық Азия ғұндарын Мөде басқарды. 455 жылы ғұндардың билеушісі Аттила болы. Осы елеулі оқиға арасында қанша жыл өтті? (664 жыл өтті)
2. Әйгілі Биг – Бен сағаты орнатылған қаланы ата. (Англияның астанасы - Лондон қаласы )
3. 1723 – 1727 жылдардағы қайғылы көріністі Қожаберген жырау қандай әнмен жырлаған? Және сол әннің бір шумағын айтып бер. (Елім ай әні)
4. Перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, б. з. б 28 ғасырда салынған Әлемнің жеті кереметінің бірі.......................... (Хепос пирамидасы)
5 Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі – Бұл кімнің сөзі? (Төле бидің)
7. «Таңғажайыптар алаңы» (3 топқа 1 сұрақ қойылады. «Поле чудестің» қазақи нұсқасы)
Берілетін сұрақ: Шыңғысханның нақыл сөзі.
ҚҰЛАШ ДЕНЕМ ҚҰЛАСА ҚҰЛАСЫН, ҚҰРАҒАН ЕЛІМ ҚҰЛАМАСЫН.
8. Түйіндеу. (Қатысқан оқушылар іс – шараны түйіндейді, ұсыныс, пікір, тілек, өкініш т. б. ортаға салады.)
9. Қорытындылау. Жеңімпаз топтарды марапаттау
Іс шараға қатысушыларға кері әсер парағы таратылады.

1. Бүгінгі іс – шара сізге ұнады ма? __________
2. Ұнаса, несімен? __________
3. Өзіңізге қандай пайда алдыңыз?_________
4. Қандай ұсыныс айтасыз?__________
5. Қандай баға қоясыз? __________
Қатысқан оқушылармен, психологпен тренинг жүргізіліп, іс – шара аяқталады.
6 133
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
"Білімділер" порталы!
"Білімділер" порталы!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазанбай Ғалия Тілектесқызы "Жәй мұғалім " болу өтті заманы Күйрегендей білмсіздік қамалы Ұстаздардың ордасына айналды Халықаралық
«Білімділер» сайтында
«Білімділер» сайтында
ОҚО, Бәйдібек ауданы, Т. Қазақбаев атындағы орта мектеп технология пәні мұғалімі Қынатбеков Бақытжан
Білімділер өлеңі
Білімділер өлеңі
Әлемнің басын идірген - білімділер! Сөзіне әрқашан да сенімділер Білім өзін сыйлатар әрқашанда Мақсатыңа жеткізер дегім келер. Жасасын қазақ сайты - Білімділер! Іздегенге керегін тегін берер. Еуропаны қалдырар шаң қаптырып, Тек алға, артқа еш
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Білімдік білімділер мен тапқырлар сайысы
Білімдік білімділер мен тапқырлар сайысы
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×