Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімділер сайысы

18 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Алимова Ильмира Абдуллаевна

Сабақтың тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту, оқушылардың белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, ұжымшылдыққа баулу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Интербелсенді тақта.
2. Плакаттар, суреттер. 3. Топтардың аты, ұрандары.
1. Ұйымдастыру кезеңі (Әнұранды орындату)

Психологиялық тренинг
Жарысқа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Ылғи "бестік" аламыз.

Сайыстың шарттарымен таныстыру:
1. Таныстыру.
2. Жасырынған сөзді табу
3. Кім көп алма тереді?
4. Ребус шешу
5. Бәйге
6. Метаграмма шешу
7. Тапқыр болсаң тауып көр
8. Сатылай кешенді талдау бойынша жұмыс
9. Топ басшылар сайысы
Сайысты ашық деп жариялау. Әділқазылар алқасын сайлау.

1 - бөлім – Таныстыру. «Білімділер» тобы сайысты бастайды. Өз топтарын таныстырады. Ұрандарын айтады.
Топ басшысы: Қасен Ақнар
Тобымыздың аты: «Білімділер»
Тобымыздың ұраны: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ».
Тобымыздың аты: «Ойшылдар»
Топ басшысы: Нажимов Ахмет
Тобымыздың ұраны: Оқу білім – азығы,
Білім ырыс – қазығы.
2. «Жасырынған сөзді табу» бөлімі.
Бұл бөлімде қай топ жылдам сөзтуымды шеше алады.

3 - бөлім: «Кім көп алма тереді?
Сайыстың бұл шартында 2 топ математикалық білімдерін сынайды. Қай топ жылдам, әрі сауатты тапсырманы орындайды.

4 - бөлім: «Ребусты шешу"

5 - бөлім: «Бәйге» Сайыстың бұл шартында 2 топқа 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1. Тудың түсі
2. Ең қымбат жан
3. Білім бұлағы не?
4. Бір аптада неше күн
5. Әліпбиде неше әріп бар?
6. Түйенің төлі
7. Біз оқитын мектеп
8. Жемістер қай мезгілде піседі?
9. Еліміздің рәміздері
10. Қыстың көркі

1. Жапырақ қай кезде сарғаяды?
2. Қазақстанның астанасы
3. Сиырдың баласы
4. Әліпбидегі ең соңғы әріп
5. Сенің Отаның
6. Асханада не істейміз?
7. Қыстың соңғы айы
8. Қасиетті тағам
9. Қызанақтың түсі қандай?
10. Көру мүшесі

6 - бөлім: «Ұйқасын тап»
Сайыстың бұл шартында оқушылар берілген өлеңдерді оқып, оның жауабын айтуы керек.
Т - дан егер бастасаң,
Биіктердің биігімін.
Д - дан егер бастасаң,
Қиындардың қиынымын.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымымын. (Тау, дау, ау)
К - ден егер бастасаң,
Шомыласың суына.
Ш - дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына (Көл, шөл)
Г - ден бастасаң мен кілең,
Ажарымын өмірдің.
К - ден егер бастасаң,
Қалдығымын көмірдің. (Гүл, күл)
Б - дан егер бастасаң,
Түтіндей боп көшемін.
Н - дан егер бастасаң,
Қап - қалың боп өсемін. (Бу, ну)

7 - бөлім: “Тапқыр болсаң тауып көр”
Сайыстың бұл шартында оқушылар интерактивті тақтадан ұяшық таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Тұңғыш президент – Н. Назарбаев
2. Белі бүкір, алысқа түкір – Мылтық
3. Жыл басы – Наурыз
4. Республикамыз қалай аталады? – Қазақстан Республикасы
5. Әліпбидегі бірінші әріп – А
6. Ауылымыз қалай аталады? – Айша бибі

8 - бөлім: «Дыбысқа мінездеме беру» Сайыстың бұл шартында әр топ 1 дауысты, 1 дауыссыз дыбысқа мінездеме береді. «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша.

9 - бөлім: «Топ басшыларының жарысы» Топ басшылар мақал – мәтел айтып жарысады.

Сайыстың соңында әділ - қазы мүшелері әр топтың бағасын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңген топқа марапаттау қағазы беріледі.
8 591
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы. Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау. Білім, білік, дағдыларын тексеру. Есеп шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Тапқыр болсаң, тауып көр
Тапқыр болсаң, тауып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Сыныбы: 9 ә, б Пәні: биология Пән мұғалімі: Жансүгірова С.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×