Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ құрау әдісі

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Технология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау әдісі
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға құрақ құрау әдіс туралы түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ізденімпаздық шығармашылық қабілетін дамытып,, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, іскерлікке, көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін, қолөнерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау

Жаңа сабақты түсіндіру. Құрақ құрау әдісі.
Құрақ құрау өнері ХІҮ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай кең дамыған қолөнер бұйымдары.

Жалпы құрақ құрау Қазақстанның барлық облыстарына тән қолөнер. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған, қазақ қолөнерінің қарапайым да, қайталанбас түрі қиыстырып құрақ құрау. Құрақтың қымбат құндылығының бір айғағы, құрақтан жасалған бұйымдар ұзатылған қыз жасауына еніп, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтатады. Ертеде аналарымыз «Тіл көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ көрпе құрап баланы құрақ көрпеге ораған.

Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.

Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соныңішіндегітөртбұрыш, сегізсай, мүйізқұрақ, қиықшақұрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүлқұрағы, майдақұрағы, жұлдызшақұрағы ел ішіндекеңінентараған. Құраққұраутехникасыекібағыттадамыпкеледі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 921
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №62орта мектебінің технология пәні мұғалімі Бекмамбетова Гульмира Мақсұтқызы
Құрақ құрау
Құрақ құрау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің технология пәні мұғалімі Досманбетова Динара Пернебайқызы
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Құрақ құрау технологиясы.
Құрақ құрау технологиясы.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға құрақ құрау түрлерін, әдіс – тәсілдерін және құрастырып тігуді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×