Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құрақ құрау

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларды құрақтың шығу тарихымен, оның қажеттілігімен таныстыру, құрақ құрау технологияларын меңгерту.
ә) тәрбиелік: Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушыларды құрақты қазіргі заман талабына сай жаңартып құрай білуге үйрету, жұмыс барысында ой - өрісін, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, тест, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, құрақ түрлерінің үлгілері, нұсқау карталар, даналардан қалған сөз.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, қайшы, бор, мата қиындылары.
Пәнаралық байланыс: Сызу, геометрия, тарих, бейнелеу өнері, орыс
тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. (сұрақ - жауап арқылы)
1. Үйді жиһаздау дегенімізді қалай түсінесің?
2. Үйге жиһаз сатып алмастан бұрын неге мән беруіміз қажет?
3. Жалпы пәтер бөлмесі нешеге бөлінеді?
4. Қонақ бөлмесін қалай жабдықтаған дұрыс.
5. Ас үй қандай жиһаздармен жабдықталуы керек?
6. Пәтердегі түстер үйлесімділігінің қаншалықты маңызы бар?
7. Сары, қызғылт сары және қызыл түстер қандай түстер болып есептеледі?
8. Пәтерді жарықтандыру мәселесін шешудің неше жолы бар?

ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Халықтың ұлт екенін айыратын 3 негізгі арнасы бар:
- тіл өнері
- саз өнері
- қолөнері
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын
өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Бүгін солардың ішіндегі ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ туралы білетін боламыз. Құрақ «құрау»деген сөзден алынған. Құрақ сан түрлі қиықтардан құрастырылады. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды.
1. Қазақ тілінде құрақ құрау өнері – « құрақ»
2. Орыс тілінде құрақ құрау өнері – «лоскутное шитье»
3. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – «пэчворк»
Құрақ құраудың мақсаты
1. Асқан шеберлікпен матадан
2. Мата қиындыларын кәдеге әр түрлі пішіндерді қиюластырып бір бұйым жасап шығару- жарату.

Құрақ құрау
Көрпе құрақ ------------------------------------------------------ Жастық құрақ
Шыдамды, тозбайтын матадан ---------------------------- Көздері майда бөліктермен
көздері үлкен бөліктерден ---------------------------------- өте нәзік әрі әдемі түстермен
құралады. --------------------------------------------------------- құралады.

ІҮ. Жаңа түсініктермен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Сөздікпен жұмыс.
Квилт - үстіңгі бөлшегі құрақтан тігіліп, аралық қабаты инешаншымдармен, астыңғы бөлшекпен тұтас алынған бұйым.
Инешаншым дегеніміз – матада жіптердің айқасуы арқылы аяқталған процесс.
Пэчворк – бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын құрақпен орындалатын жұмыс.
Колорит – бояулар мен түстердің суретте құбылып өзара үйлесуі.

Ү. Жаңа түсінікті тексеру.
1. Колорит дегеніміз не?
2. Құрақ түрлерін ата.
3. Құрақтан қандай бұйымдар жасалады?
4. Құрақ орыс тілінде қалай аталады?
5. Құрақ құрауда бөлшектердің несін ескеруіміз керек?
6. Қазақ халқында құрақ құрау өнері қай кезден бастап дамыды?
7. Ағылшын тілінде құрақ қалай аталады?
8. Инешаншым дегеніміз не?

ҮІ. Сабақты бекіту. («Ақ сандығым ашылды...»)
Оқушылар сандық ішін ашып, конвертте берілген қиындылардан құрақ құрау керек. Мысалы,«ботакөз»құрағы,«жұлдыз»құрағы,«аққу»құрағы, «гүл»құрағы.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. (Тест)
1. Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасын атаңыз.
а) сәулет өнері, саз өнері, мүсін өнері
ә) тіл өнері, мүсін өнері, сәулет өнері
б) тіл өнері, саз өнері, қолөнері.
2. Қай нұсқа дұрыс?
а) құрақ құрау өнері – ертеден келе жатқан өнер
ә) құрақ құрау өнері – ұмыт болған өнер түрі
б) құрақ құрау өнері – жаңадан пайда болған өнер.
3. Құрақты не үшін құраймыз?
а) көрпе тігу
ә) киім тігу
б) алаша тоқу.
4. Құрақты қандай матадан құраймыз?
а) капрон
ә) велюр
б) сәтен.
5. «Жұлдыз» құрағы қай топқа жатады?
а) ою - өрнекке
ә) аспан әлеміне
б) табиғатқа.
6. Құрақ құраудың неше мақсаты бар?
а) 1
ә) 2
б) 3.
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.
1. Құрақ құрау.
2. Құрақ туралы апа - әжелеріміздің айтқан аңыз - әңгімелерін жазып келу.
3. Өз беттерінше көрпеше құрап келу.
10 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Құрақ құрау
Құрақ құрау
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Имандосова Женисгуль Мырзабаевна
Құрақ құрау технологиясы
Құрақ құрау технологиясы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қоңырат кенті, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебі технология пәні мұғалімі: Тоқтаубаева Кульбаршин Жұмашқызы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы
Мақсаты: 1. Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыру.
Құрақ – қиялдың жемісі
Құрақ – қиялдың жемісі
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Құрақ үлгісін компьютерде дайындау
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×