Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер балаға арналған киімдерді құрастыру және модельдеу ерекшеліктері

16 сәуір 2020, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Ер балаға арналған киімдерді құрастыру және модельдеу ерекшеліктері
Мақсаты: Ер балаға арналған киімдерді құрастыру және модельдеу ерекшеліктерімен таныстыру, әдістерін үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: үлгіні модельдеп, нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасай білу;
Дамытушылық: теориялық білімдерін шығармашылықта пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын тапсырмалар беру арқылы дамыту;
Тәрбиелілік: әсемділікке, ұқыптылыққа, бірізділікке, техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: сызба суреттер, кестелер, плакаттар, сантиметрлік таспа.
Сабақтың типі: іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс: сызу, математика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарын қадағалау

ІІ. Өткен сабақты қайталау
1. Модельдеу дегеніміз не?
2. Модельдеудің қандай түрлерін білесіңдер?
3. Матаның қиғаш көлденең және бойлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да қалай тексереді?
4. Киімнің берілген үлгісін алу үшін адамның тЕрға өлшемін үлкейтуге керекті шама?
5. Бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданылатын көмекші материалдар?

ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Мыңдаған жылдар бойы кішкентай балалар үлкендер секілді киінді. Балалардың костюмі үлкендердің киіміне ұқсас, тек кішірейтілген үлгіде тігілді. Жалғыз тек өзгешелік, киімдерін ластамас үшін кішкентай сәбилерде алжапқыш қолданылды. XVIII ғасырдан бастап Англияда балаларға ыңғайлы киімдер кигізе бастады. XIX - XX ғасырларда балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты киімдерді топтастырып өндіре бастады.

Балалар киімін жыл мезгіліне қарай төрт топқа бөледі: жазғы киім, көктем - күзге арналған киімдер және қыс киімі. Жынысына қарай - қыз бала мен ер балаға арналған киім. Киім қолдануына қарай: күнделікті, үй киімі, спорттық, мерекелік кештерге арналған киім болып өзара ерекшеленеді.

Балалар гардеробында түрлі киімдер кездеседі, мысалы: женіл көйлек, жейде, сарафан, блуза, иткөйлек, туника, шалбар, комбинезон, шорты, жилет, футболка, спорттық комплект, костюм, жакет, куртка, польто, тон, пуховик, ветровка, плащ т. б. Балалар киімін жобалау - күрделі твочестволық процесс. Сол себептен балалар киімін жобалаумен айналасатын мамандарға көптеген талаптар қойлады. Мысалы: олар балалардың жас ерекшелігін, физикалық және психологиялық тұрғыдан дамуын, сәнге деген қызығушылықтарын ескере отырп, ынғайлы әрі денсаулығына әсер етпейтің киім үлгілерін жобалап әзірлеу қажет. Балалар киімін әзірлеуде жие таза табиғи талшықтарынаң өңделген маталар мен материалдарды өндірісте қолданады. Мысалы: мақта, жүн, зығыр талшықтарын. Бұйымның сапасын жақсарту және эстетикалық тұрғыдан сырқы түрін безендіру мақсатында әртүрлі әшекейлерді пайдаланады. Мысалы: жасанды материалдар, метал, ағаш, сүйек, пластмасса, айнек, тесьма, бау, ілгек, ырғақ, сыдырма, ою - өрнектер, әдіптер, шілтерлер т. б. Жалпы барлық жастағы балаларға ұсынылған киім конструкцияға байланысты өте ынғайлы, жыл мезгілі мен қолдануына лайықты, баланын дамуына әсер етпейтін түрде болу қажет.

Пішімнің формасы мен сЕрбасы баланың тЕрғасының ерекшелігіне байланысты. Тікелей баланың бойы, денесінің ұзындығы, аяқ қолдарының ұзындығы және бел сызығының ерекшеленуі киім формасымен ұзындығына әсер етеді.
Ер балалар киімдерінің сипатыбасқа да факторлармен анықталады: Әлеуметтік тәрбие, климаттық жағдайы, сәннің дамуы.
Ер балалар киімі тік формада болып келеді. Гардеробқа түнде киетін жейде, пижама, шалбар, көйлек, алжапқыш немесе халат, жартылай комбинезон, комбинезон, әр түрлі комплектілер, кеудеше, пальто, күртешелер кіреді.

7 - 8 жастағы ер балалардың негізгі нұсқасы еркін және жартылай бос; 9 - 10 жастағы ер балалар үшін сондай - ақ киімнің тіке нұсқасы келеді, бірақ жартылай бос нұсқа басымдық алады, себебі олардың тұра бойы сымбаттырақ болады. Бұл нұсқада күртешелер басымдық алады. Пальто, тікенұсқадан жартылай босқа жақынырақ, күртеше мен жейделердің төменгі жағына белбейлер, қысқыштар, қымтамалар және басқаларын орналастырады.
Спортқа құмар ер балалардың пропорциясы ересектердің жастардың киім үлгісіне шамалас. Тігістің негізгі түрі – реглан және жамалған жеңдер. Декоративті – конструктивті бөлшектердің қайып тігілуі кең қолданылды. Бұл жастағы топтар үшін киім құрылысына күрделі конструктивті сызбалар мен әр түрлі бөлшектер қосуға болады. Спорттық стильдегі киімдерде кокеткалар, салынбалы қалталар, металл және ағаш бөлшектер қосуға болады.

Матадағы суретті таңдау баланың жасына, оның дене пішімінің ерекшеліктеріне, түріне, оның санасының дамуына байланысты. Суреттер тек матадағы әдемі сәндік өңді беріп қанақоймайды, сонымен қатар тәрбиелілік мағынада балаға болмыстың ақиқаттығын тануға, әдемілікке деген талғамды, табиғатқа және жануарларға деген қатынасын түсінуге себепші болады.

Ер балалар киімдерінің конструктивті және композициялық шешімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, киім бөліктерінің өзара қарым қатынастарына көңіл бөлу қажет. Пропорционалдық өнімдердің ұзындығы негізгі рольде, себебі оның көмегімен тұлғаға сыртқы сипатта пропорционалды өң береді. Балалар киімдерінің ұзындықтары әр дәйім жас топтарымен анықталады.
Тапсырма: Мектеп жасындағы ер балалар киім үлгісінің эскизін салып, сипаттау.

ІV. Сабақты бекіту кезеңі.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

VІ. Қорытынды..
Студенттерді бағалау.
Үйге тапсырма беру. Нұсқау картаны пайдаланып есептер шығару.

Пәні: Киімді конструкциялау және модельдеу технологиясы
Оқытушы: Изтаева Г. С.
12 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Әртүрлі салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу
Модельдеу, формальдау ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткен материалдарға. Модельдеудің негізгі түрлерімен таныстыру және сипаттама беру; Оқушыларда модельдерді формальдау кезінде зерттеушілік құзыреттілігін, логикалық ойлауын дамыту, ой - өрісін
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршақтың киімін модельдеу
Қуыршаққа киімді модельдеу, қуыршақ туралы мағлұмат беру, киімді модельдеу әдісімен таныстыру, таңдап алынған фасонды модельдеуге үйрету, тақырып бойынша материалды меңгерулерін қамтамасыз ету.
Ақпараттық модельдеу
Ақпараттық модельдеу
Оқушыларға ақпараттық модельдеу, модельдеуді сипаттау әдістері, модельдің қасиеттері жайлы жалпы түсінік беру. Оқушыларды ақпараттық модель мен материалдық модель ажырата білуге дағдыландыру, олардың түрлерін таныстыру.
Апараттық модельдеу
Апараттық модельдеу
Модельдің түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады: материалдық және ақпараттық. Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Астана қаласының Политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×