Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәндерден аңдар бейнесін жасау

03 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Технология
Шебер үйірмісінің қосымша білім беру мұғалімі:
Ажигулова Сагынкул Адильхановна

Сабақтың тақырыбы: Дәндерден аңдар бейнесін жасау
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Оқушылардың аңдар жөніндегі білімдерін жетілдіру
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту
3) Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ойындар арқылы.
Қажетті құрал – жабдықтар: Әр түрлі, ПВА клей, қайшы, қарындаштар,
әр түрлі аңның суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқу құралдарын түгелдеп, сабаққа әзірліктерін қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Венн диаграммасы арқылы табиғи материалдар мен жасанды материалдарды салыстыру.
▪ Табиғи материалдар
▪ Жасанды материалдар

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ой – қиялын дамыта отырып, өз қалауы бойынша аңдарды неше түрлі дәндермен жапсырмалауды үйрету

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Балалар, үшін біз табиғи материал яғни дәндерден жасалған бұйымдар мен таныса отырып олармен жұмыс жасаймыз. Ол үшін алдын – ала дәндерді жинақтап, сұрыптап кетіріп қою қажет. Дәндермен жұмыс жасау ұқыптылықты, зейіндікті талап етеді және әрдайым шеберлікті, төзімділікті қажет етеді. Бүгінгі сабағымыздағы әр – түрлі дәндерден, аңдар бейнесін жасаймыз.
Аңдардың тіршілігі жайында қане не білеміз?
Білгенімізді ортаға сала отырайық қандайда бір аңның тыныс тіршілігі жайында әңгіме өрбітеміз. Мысалға: қоян.
Қоян жайында айтар болсақ аңдардың ішіндегі ерекше аңқау, қорқақ әрі кішкентай, жүні үлпілдеп, қыста ақ, жазда сұр түрлері болады. Қоян өте жүйрік, өте сақ, қорқақ, ақ. Қоянның баласын – көжек деп атайды. Өзіміз жақсы білетін қоянның бейнесін қандай дәндерден жасауға болады. Соны таңдап алып мысалы күріш дәнінен таңдаймыз.
Жұмысты жасамас бұрын қоянның суретін қағаз бетіне саламыз. Содан кейн ПВА алейр, күріш бетіне сеуіп жабыстырамыз. Толық жабысып біткен соң кептіруге қоямыз. Қоян туралы жұмбақ жасырайық, тоқтап, өлең оқылады.

V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
Инсерт жүйесі бойынша сабақты түсінгенін тексеру

Сарамандық жұмыс
Әр оқушы өз қалауы бойынша аңдар бейнесін неше түрлі дәндермен жапсырмалайды.
Қауіпсіздік ережесі айтылады.
Желіммен жұмыс
1. Желімді ауызға салуға болмайды
2. Желімдеу негізгі қолды сүртіп отыру керек

Сергіту сәтін жасату
VI. Жаңа сабақты бекіту
Сарамандық жұмыстарын ескере отырып «Кім шебер» ойыны арқылы білімдерін бекітіп бағалаймын

Бағалау
VІІ Үйге тапсырма: бітпеген жұмыстарын аяқтап келу
Дәндерден аңдар бейнесін жасау. жүктеу
3 465
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Бөлшектерді біріктіру мен безендіру" 8 сынып (қыздар) үлгілі сабақ
"Бөлшектерді біріктіру мен безендіру" 8 сынып (қыздар) үлгілі сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 8. 2. 3. 2. Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Табиғи материалдардан бұйымдар жасау
Табиғи материалдар туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер. Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×