Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа технология - білім сапасының кепілі

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жаңа технология - білім сапасының кепілі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Елбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Интеллектуалды Ұлт - 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Бүгінде Қазақстанға «инновациялық қызметтің «жарылысы қажет, қоғамда мінез - құлықтың инновациялық, креативтік үлгісі үстемдік құру тиіс»- деп көрсеткендей, шапшаң өзгеретін, жоғары технологиялық бәсекелі әлемде өмір сүруге дайын, сапалы білім алуға ұдайы ұмтылатын интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру кадрлар жүйесін дамытудың басты бағдарына айналуы тиіс [1].

Тұрақты даму үдерісінің даңғыл жолына түскен Отанымызға замануи инновациялық ілімдерді игерген креативті Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізігі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте мұғалімдер даярлайтын оқу орындары алдында үлкен де, салмақты мақсат - міндеттер тұр. Бұл мақсат - міндеттердің шешімі студенттерге мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламасына сәйкес ғылым салаларынан білім берумен де шектелмейді. Оқу орнын бітірушілер болашақ кәсібін терең түсінетін, меңгерген білім - біліктерін тәжірибеде қолдана алатын, сонымен қатар теориялық білімін мазмұнды, дәлелді түрде, кәсіби шебер жеткізе алатын маман болып шығуы тиіс. Сондықтан, оқу орнында оқытылатын білім беру салалары арқылы студенттің өз ойын жүйелі, түсінікті етіп жеткізе білу, алған білімдерін күнделікті өмірде іске асыра алу білігіне үйрету маңызды мәселе болып табылады. Білім жүйесіндегі әлемдік жаңалықтардан шет қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті.

Болашақ мұғалімді даярлау өте күрделі іс. Ол - зерттеуші, озат тәжірибені насихаттаушы, үйренуші болуы керек. Оған үлгі - оқытушы, оның шығармашылық еңбегі. Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп, мен өз жұмысымда осы даналық ойды үнемі басшылыққа аламын [7].
Негізінен жұмысымда ұжымдық оқыту тәсілін қолданамын.«Пәнмен оқушыға емес, оқушымен пәнге бару» қағидасына сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді ізденіп, зерттеуге үйрету; дидактикалық, коммуникативті және сөйлеу қабілеттерін шыңдау - басты мақсатым. Бұдан туындайтын міндеттер:

1. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау;
2. Жаңашыл мұғалімдердің іс - тәжірибесімен танысып, оны насихаттау;
3. «Бастауыш білім беру» мамандығында педагогика пәнін оқыту барысында енгізу.
Нәтижесінде: өз кәсібін терең меңгерген, ойын жүйелі де түсінікті етіп жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті болашақ маман шығады деп ойлаймын.
Жаңалықты енгізу кезеңдеріне тоқталатын болсам:
1. Ақпараттарды жинап, өз білімім мен алдымдағы студенттердің дайындық деңгейлеріне сай келетін жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдадым;
2. Іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолдандым;
3. Оқудың нәтижесін көтеруге ықпалын анықтадым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 603
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Тұлғаны дамытуға бағытталған инновациялық орта құру
Даулетиярова Айман Біржанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×