Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жезқазған қаласы
№21 жалпы орта білім беретін орта мектеп
Шахыманова А. Е., Сауытбаева Г. С.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары

Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай - ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60 - жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген.

Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1 - ден 3 - сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылығы дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.

Сауаттылықты сапалы дамыту: Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану. Сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткер, рухани, адами тұрғысында дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.

Толық нұсқасын жүктеу
5 189
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
TIMSS халықаралық зерттеулерінің концептуалды негіздері (мақсат, міндеттері, тапсырмалар форматы). PISA бағдарламасының мақсат, міндет, құрылымымен таныстыру.
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Функционалды сауаттылықты дамыту жолдары
Қaзipгi жиыpмa бipiншi ғacыp Eлбacымыз Н. Ә. Назарбаев aтaп aйтқaндaй - бiлiм ғacыpы. Қоғамның жылдам өзгеруіне байланысты жaңa қоғaмғa caй өзгeшe қaбiлeт, өзгeшe қacиeткe иe ұpпaқ қaлыптacып кeлeдi
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінде физика пәні мұғалімі Науканбаева Алия
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жаңаша оқыту – уақыт талабы
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебі Мусипова Ғалия Оспановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×