Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...

14 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...

Ұстазбын мен, ұста мінез, ұстамдылық негізі,
Сабырлымын, салмақтылық абыройдың егізі.
Тәрбиемін, өнегемін, татулығы тамырлас
Адалдықтың арашасы, білімнің көк теңізі.
Зейіндімін, ақыл - ойдың ардақтысы, адаммын,

Мейіріммін, айырмасы жақсы менен жаманның.
Еңбекшілмін, ерінбеймін білімімді шыңдауға
Келешектің бағдаршамы, аттаған әр қадамың.
Тағылыммын, жүректердің, тілектердің төресі,
Ең асыл ат – мұғаліммін, кеңістіктей өресі.
Парасатпын, түсінікпін, адал жүрек иесі

Жақсылықпын, маған құрмет, мен шығатын төр осы.
Үйіп - төгіп, құятұғын бар білімін санаға,
Рақымшылық, разылықпен айналатын данаға.
Ерінбейтін, елім дейтін мың жасасын ұстаздар
Гүлің өркен,
Ізің көркем құрмет ұстаз анаға!!!
4 685
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Таныстыру өлең: Мен ұстазбын.
Таныстыру өлең: Мен ұстазбын.
Мен ұстазбын. Мұғаліммін. Әр баланы зерттеуде жеке дара, Атқарып жүрмін түрлі іс пен шара. Үнемі жүргіземін оқушылармен, Әртүрлі тақырыпта тәрбие шара.
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясының биология пән мұғалімі Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна
Мукиева Орынгуль Аменовна
Мукиева Орынгуль Аменовна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №3 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Мукиева Орынгуль Аменовна
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы
Арал қаласы, № 220 қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегенова Нұрбибі Айсақызы
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Ұстаздар күніне арналған кеш сценарийі
Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады. 1-жүргізуші: Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да,ғылым дана да 2-жүргізуші: Қыр сырын зерттеп заманның, Ұлылығын айтып
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар, қызғалдақтай жайнаған құрбы - қыздар, қарындастар!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×