Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таныстыру өлең: Мен ұстазбын.

28 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мен ұстазбын.
Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.
Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.
Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағуандай гүл күткен аялаймын.
Ұландарым — ұятым, ар - намысым,
Бала — менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін.
Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл - ойым, жігерім — жер жемісім…
Бәрідағы балаға — оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.
Шәкірт — менің мәртебем,
Мен — баспалдақ.
Мен арқылы шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жас ұланға ақ жарқын жол ашқанға - ақ.
Мектеп — ана,
Мен — аға оқушы үшін.
Ардақты атпын көңілге ой тоқушы үшін.
Алтын әріп мен болам бала ойында,
Өзі айтпаса,
Оны сен оқырмысың?!
Айтады олар әр жерде аға атын,
Бола біл тек жанына от жаға алатын.
Мұғалімнен өмірлі адам бар ма,
Бір өмірге мың өмір жалғанатын.
Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге.
Армысыздар, бар әріптес, қазыларым,
Сайыскерлер сайыста сынар бағын.
Кетейін мен өзімді таныстырып,
Көрермен қошеметпен қабыл алғын.
Көп уақыт болмаса да тәжірибем,
Еңбегімнің жемісі нәтижелі.
Қыр – сырын осы қиын мамандықтың,
Игеріп келемін мен күннен – күнге.
Әр баланы зерттеуде жеке дара,
Атқарып жүрмін түрлі іс пен шара.
Үнемі жүргіземін оқушылармен,
Әртүрлі тақырыпта тәрбие шара.
Сондықтан еңбек еткен үлкен күшпен,
Аянбай оқып ылғи ізденіспен.
Ізденгеннің мұратқа жетері анық,
Сайыстардан келермін мен жеңіспен.
Жасымда ұстаз деп соқты жүрегім,
Түсіне білем баланың тәтті тілегін.
Есімім - Ақгүл, ұлтым - Қазақ білсеңіз,
Қызметтегі мамандардың бірі едім...!
Әрқашан да Елдік Алғы көштегі,
Салғаным бар күш - Қызметкерлік істегі.
Бағым сынау, жетілу мен даму.
Сайысқа қатысудағы мақсатым да осы еді.
Ел ертеңі - өскелең ұрпақ - балада,
Сол ұрпаққа тәрбие берудемін...
Осы күнге дейін қанша жыл өтсе арада,
Сонша жыл тыным таппай келудемін.
Туған айдай толықсып туған айдай.
Келіп тұрмын сайысқа толған айдайын.
Кіші жүзден, Алтынбай руы ұрпағымын.
Жүсіптің қызымын Гүлжандай.
Болғам бүгін аяулы жар ардақты ана,
Екі ұлым, бір қызым бар құшағымда.
Жас маман боп атанамын бұл күні мен
Намысымды қолтығыма қысамын да.
Ағылшыннан беремін сабақ талай
Кетейін өр мінезімді сабақтамай.
Намысым бар бойымда батылмын да,
Келгенім жоқ білімімді жасақтамай...
25 118
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзімді таныстыру (өлең жолдары)
Өзімді таныстыру (өлең жолдары)
«Кәсіби педогог – 2018» мұғалімдер арасында ұйымдастырылған аудандық сайысқа №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Даулетбекова Шаттықтың жазған және оқыған таныстырылымы.
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...
Ұстаз атына ода немесе өзім туралы сыр...
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Актауова Айзат Кыстаубаевна
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясының биология пән мұғалімі Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна
Мукиева Орынгуль Аменовна
Мукиева Орынгуль Аменовна
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №3 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Мукиева Орынгуль Аменовна
«Адам болам десеңіз...» тренинг-сабақ
«Адам болам десеңіз...» тренинг-сабақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×