Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электронды оқулықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігі

27 қараша 2016, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Электронды оқулықтарды сабақта пайдаланудың тиімділігі
«Информатика» деген ұғым нені білдіреді екен мына тірек сызбадан еске түсірсек.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген.

Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбекетуіне жағдай жасайды. Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпараттарды қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен абылдайды. Көру жүйесі – есте сатаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог - психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда процесінде иындық туындайды. Мысалы, информатика пәнін алатын болса, компьютермен жұмыс істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын бірінші рет пайдаланып отырғандықтан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілін білмеуі салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігі туады.

Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгір болуымен қатаң, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу – тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білгі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ІІ. Электронды оқулықты пайдалану арқылы.
- оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады;
- абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;
- оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сатау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді.
Есте сақтаудың әсер алу, қайталау арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді:
- мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.
Информатикадан оқушы үшін электронды оқулықты қолдану тиімді.
Электронды оқулықты қолдана отырып оқушыларға сапалы білім беруге болады. Соның бірі дәлелі ретінде аз уақыттағы ұстаздық өз тәжірибемнен жүргізген жұмысымды айтқым келеді:
- өтілген материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсіндіру:
- оқушының өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
- түсінбеген тақырыптарды қайталауға;
- оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Мен өз сабағымда электронды оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялы көріністер, оқушыларды машықтандыру, анықтама, сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
оқушының пәнге қызығушылығы;
алынған білім, дағды деңгей;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игерту мүмкіндігі артады.

Қорыту сәті
Қорыта келгенде электронды оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды жеткілікті түрде ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану, оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін еңкейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыстар пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Информатика пәнінің мұғалімі: Тұралы Амангүл Шыңғысқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 292
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі - электрондық байланыс,
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі
Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды»
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Химия сабағында оқушы қабілетін арттырудағы модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Атырау қаласы, №36 орта мектептің химия пәні мұғалімі: Нұрсұлтанова Күләш Атимқызы
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×