Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Критериалды бағалаудың тиімділігі

23 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.
Пайдаланған әдіс тәсілдер 1. Тренинг 2. Топтық жұмыс
3. Жеке жұмыс 4. Кері байланыс
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер

Психологиялық ахуал
Тренинг 3 мин
Мұғалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Ортаға шығып, бір - бірлеріңіздің арқаларыңызға жабыстырған ақ қағазға тілек жазасыздар
Топқа бөлу
1 - топ «Формативті»
2 - топ «Суммативті» 1 мин
Суреттер арқылы топқа бөлу (формативті смайликтер салынған сурет, суммативті 4, 5, 3 сандардың суреті)
Білу 4 мин
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.

Критериалды бағалаудың тиімділігі жүктеу
8 280
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критерийалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, критерийалды бағалаудың тиіміділігін көрсету.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері қолданып жүрген бағалау түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий және дескриптор жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Коучинг сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×