Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Критериалды бағалаудың тиімділігі

30 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі
Мақсаты: Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.

Міндеті: Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін және оқу және оқыту сапасын жақсарту мақсатында бағалау түрлерін қолданудың маңыздылығын ұғындыру; суммативті, формативті және критериалды бағалау түрлерін тиімді қолдануларына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер өз іс - тәжірибелерінде бағалау түрлерін пайдаланатын болады, бағалаудың бір - бірінен айырмашылығын біледі, түсінеді.

Негізгі идеялар:
Суммативті (жиынтық) - оқу үшін бағалау, формативті (қалыптастырушы) – оқыту үшін бағалау.
Критериалды бағалау – критерийлер арқылы бағалау.
Егер оқушыларды өсімдік ретінде қарастырар болсақ, онда сыртқы (жиынтық) бағалау өсімдіктің тек бойын ғана өлшеу процесі болады. Мұндай өлшем қорытындысы салыстырып, талдау үшін қызық болғанымен, өсімдіктің өсуіні ықпалы тимейді.
Ішкі (қалыптастырушы) бағалау, керісінше, өсімдікті қоректендіріп, суарумен бірдей және олардың биіктеп өсуіне тікелей ықпал ете алады.
И. С. Фишман, Г. Б. Голуб.

Сілтеме
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.
2. Үшінші басылым, Жартынова Ж. А., Касымова А. А., Оракова А. Ш.
3. Ғаламтор материалдары.

Сабақта қолданылатын заттар
А3, А4 форматты қағаздар, фломастерлер, маркерлер, таратпа қағаздар

І. Ұйымдастыру: 1. Топқа бөлу “ Алтын күз” көкөніс пен жемістер суреттерін жинақтау арқылы топқа бөлу.
1-топ - бақта
2-топ - бақшада

Баға деген не?
2/Бағалау дегеніміз не?
3/Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?
- жеке: – жұппен; – топпен; – ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин.
Теория Слайдты көрсету
1/ «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
2/ Бағалаудың мақсаты:
- Оқытудың қиындықтарын анықтау;
- Жетістіктер туралы кері байланыс жасау (оқушылар, мұғалімдер және ата - аналар үшін);
- Болжау және сұрыптау;
- Стандарттарды бақылау және орындау
3/ Критериалды бағалау түрлері /Слайд/
Қатысушыларға көбелектің суретін салуды ұсыну. Салып болған соң, өзін - өзі бағалау. Суретті ауыстырып, бірін - бірі бағалау. (Қойған бағасының әділ екенін дәлелдеп, түсіндіру)

Критерийлер
Қағазда орналасуы
Қағаздың 1/3 бөлігін ғана алып тұр - 1ұпай
Қағаздың жартысында орналасқан - 2 ұпай
Қағаз бетін түгел алып тұр - 3 ұпай
Түстердің қолданылуы
1 ғана түс қолданылған - 1 ұпай
2 - 3 түс ғана қолданылған - 2 ұпай
3 - тен көп түс қолданылған - 3ұпай
Дене мүшелерінің түгел салынуы (қанаттары, басы...)
1 - 2 дене мүшесі - 1 ұпай
3 - 4 дене мүшесі - 2 ұпай
5 дене мүшесі - 3 ұпай
Бағалау шәкілі: 7 - 9 ұпай - 5
5 - 6 ұпай - 4
2 - 4 ұпай - 3

Бейнежазба (видеоролик) «Сынған құмыра»
Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Бейне жазба туралы ой түйіндеу.
Бағаның бала өміріне, ата - ана өміріне қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізе отырып талдап, талқылайды.
7. Сауалнама алу
Сауалнама
1. Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
2. Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?
Иә Жоқ
Түсініктемелер
3. Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?
Иә Жоқ
Неге?
Қызылорда облысы
№8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының
бастауыш сынып мұғалімі: Умирзакова Роза Жақсылыққызы

Критериалды бағалаудың тиімділігі. жүктеу
2 522
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Критериалды бағалау жүйесі
Критериалды бағалау жүйесі
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай - ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі.
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критерийалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, критерийалды бағалаудың тиіміділігін көрсету.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері қолданып жүрген бағалау түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий және дескриптор жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×