Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі

22 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Коучинг
Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ғаламтор желісі
Жалпы мақсаттары: Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критерийалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, критерийалды бағалаудың тиіміділігін көрсету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Мұалімдер критерийалды бағалаудың тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақ барысында тиімді пайдаланады.
Пайдаланған әдіс тәсілдер:
1. Тренинг
2. Топтық жұмыс
3. Жеке жұмыс
4. Кері байланыс
Қажетті құралдар
Интерактивті тақта, постер, маркер, стикер.
Психологиялық ахуал
Тренинг
Мұгалімдермен амандасу.
Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мұғалімдерге гүл тарату арқылы көктемгі жылы лебізін білдіру
1. Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін
2. Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін
Арта берсін абырой беделіңіз
3. Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз
Бақытқа отбасылық кенеліңіз
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып
Медальмен, орденменен еленіңіз
4. Сізге бақыттың баяндысын, дәулет - ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс тартулардың тау суындай таусылмасын тілеймін
5. Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілеймін.
6. Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін.

Топқа бөлу
1 - топ «Қыс мезгілі»
2 - топ «Көктем мезгілі»
Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу (Қыс мезгілі салынған сурет, Көктем мезгілі салынған суреті)
Суреттің артында ребус жасырылады
1. Баға
2. Бағалау

Басы
Бүгінгі сабақтың мақсаты мен нәтижесін таныстырамын. Интертақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Критерийалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критерийалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау - оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару.
Қалыптастырушы бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамассыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Коучинг, Критериалды бағалаудың тиімділігі. жүктеу
2 550
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Оқушыларды оқыту үшін бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу - оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор.
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс - тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері қолданып жүрген бағалау түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий және дескриптор жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×