Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық коммуникациялық технологиялармен кіріктіру

20 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық коммуникациялық технологиялармен кіріктіру.

Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі - оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. Бұл үрдіс жаңа білім парадигмасының қалыптасуына әкеледі. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қоятынын баршамыз да түсіндік. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев: "Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет". Елбасы сөзі отандық педагогтарды қамшылауда. Қазір біздер оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, білім беруді ақпараттандыру, әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу арқылы оқыту мазмұнын жаңартудамыз.
Білім беру мазмұнындағы өзгеріс мұғалім мен оқушының іс - әрекетінен бастау алады. Бүгінде мұғалімнің негізгі функциясы өзгерді: ол ақпарат таратушыдан менеджерге айналды. Білім берудің жаңа жүйесінде мұғалім үшін басты міндет - оқыту процесін басқару.
Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бес қаруы десе де болады:
1. Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы);
2. Психология (білім беру - оқыту және тәрбиелеу процесін псхологияландыру жүріп жатыр); Егер біз оқушының субъекттісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз;
3. Экономика (экономиканың қажеттіліктерін білу; мектепке қандай адам даярлау керек екенін білу);
4. Информатика (дербес компьютерді пайдалану);
5. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Интернет желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру).
Бүгінде оқыту процесінде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту" технологиясы. Қызығушылықты ояту, жаңа білімге көпір салу, мағынаны ажырату, ой толғаныс стратегиялары оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс - амалдары қарастырылады, белсенділіктерін оятатынын көріп жүрміз. Топтық жұмыс бала танымына оң әсер етіп қана қоймай ой - өрісін дамытады. Информатика сабағында бұл стратегияларды қолдану АКТ құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті де сабақта заманауи технологияларды ақпараттық - коммуникациялық технологиямен кіріктіре отырып пайдалану өте тиімді.
АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.
Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
• Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, түсіну, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
• Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
• Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
• Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:
1. "Түсіну" деңгейінде (теориялық материалды меңгерту):
• Электрондық оқулықтар;
• Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
• MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
• Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.
2. "Қолдану" деңгейінде (теориялық материалды бекіту):
• Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).
• Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).
• Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.
3. "Жинақтау" деңгейінде (теориялық материалды қорыту):
• Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;
• Power Point бағдарламасымен презентация жасату;
• Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.
• Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;
• Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
• Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.
Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 5 сыныпта "Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе түсінігі" тақырыбын бекіту кезінде оқушылардың деңгейіне байланысты әрқайсысына деңгейлік тапсырмалар беремін:
А деңгейі: "Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет" кестесі.
Бұл кесте алдын ала Word редакторында дайындалады. Оқушылар қажетті ұяшыққа "+" белгісін қойып толтырады.
В деңгейі: "Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс"
Оқушылар жұмыс үстеліндегі белгішелер ретін ауыстыру, жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасыру сияқты жұмыстар жүргізеді.
С деңгейі: "Қандай кәсіп иелері символдық, графикалық және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істейді?" Кестені мысалдармен толтырыңдар.
Бұл деңгейде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағдарламада кесте сызып, өздері толтырады.

Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық коммуникациялық технологиялармен кіріктіру. жүктеу
2 355
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×