Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық олимпиада

05 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Атырау облысы, Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі
Досанова Гулзар


Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық олимпиаданың ашылу салтанаты
Жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты ұстаздар, 2011-2012 оқу жылының пәндік білім додасына қатысушы оқушылар!
Күні кеше байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн - Ұлы мереке Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған еді. Осынау дүбірлі мереке, ұлан-асыр тойға жалғас өткелі отырған білім сайысы сіздерге тың серпін береді деп сенеміз. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.

Олай болса, ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарыңның бірі – бүгінгі жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі – аудандық олимпиаданың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Ашылуы: Бүгінгі М.Әуезов атындағы орта мектеп базасында өткелі отырған аудандық олимпиаданы ашық деп жариялаймыз.
Әнұран
Сөз беру:
1. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн – аудандық білім сайысының ашылу салтанатының алғашқы сөзі аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мусағали Бағытжан Әділұлына беріледі.

Бүгінгі салтанатты жиынға облыстық білім беру басқармасының өкілі Маева Гүлсара Жаденқызы, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысып отыр.

2. Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талапты шәкірттерімізге ақ тілегін арнау үшін сөз Атырау облыстық білім беру басқармасының өкілі Маева Гүлсара Жаденқызына беріледі.

3. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес. Ауданымызда өркениетті қоғам дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосар деген ұстаздар үмітін арқалаған, білімді, қабілетті және де тәрбиелі оқушыларымыз аз емес. Солардың бірі – «Үздік аттестатқа» үміткер, аудандық олимпиаданың жүлдегері, Қ.Абақанұлы атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы Қабдрашева Бөбекке сөз беріледі.

Бүгінгі салтанаттың ең маңызды сәті – олимпиада туын көтеру мәртебесі
«Алтын белгі» белгісіне үміткер, М.Әуезов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Орынбасарұлы Сәбит және облыстық олимпиаданың жүлдегері, Бөдене орта мектебінің 11-сынып оқушысы Тайырова Ақнұрға ұсынылады.

Олимпиаданың жүру тәртібі және ережелері жөнінде хабарлама жасау
үшін сөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы
Қымбат Хайроллақызына беріледі.

2011-2012 оқу жылының Республикалық олимпиадасының ІІ кезеңіне қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық олимпиаданың жабылу салтанаты

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін міне, ғылыми білімдерді насихаттау және оқушылардың ғылыми іске қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында өткен Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі өз мәресіне жетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бүгінгі білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды.

Марапаттау:
1. Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде барлық пән бойынша І орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Мусағали Бағытжан Әділұлына беріледі.

2. Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!
ІІ орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз
3. Терең білім – жылдар жемісі,
Оқушы мен мұғалімнің жемісі – дей келіп, ІІІ орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз
4. Ынталандыру дипломына ие болған оқушыларды марапаттау үшін сөз
5. Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп, жас ұрпаққа қашанда.
Өз соқпағын тапқан мына өмірден, - деген өлең жолдарымен марапатқа ие болған ұстаздарды құттықтау үшін сөз
6. Олимпиада қорытындысымен мектептерді марапаттау үшін сөз
7. Салтанатты жиынның қорытынды сәті олимпиада туын түсіру құрметі беріледі.

Парасатты жүрегің нұр төгеді,
Болдың міне, абыройлы, мәртебелі.
Қыран қонған биіктен көріне бер,
Асқар тау, туған елдің нар түлегі, - марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті оқушылар – жасампаз елдің жас қырандары!
Әнұран

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың
ІІ кезеңі аудандық олимпиаданы қорытындылауға арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
42 929
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі
Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі
Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім - кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллекттісі жоғары оқушыларымызбен мақтанамыз.
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2019 – 2020 оқу жылы
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 2019 – 2020 оқу жылы
Кез келген дөңес бесбұрыштың бес диагоналінің ішінен, олардан үшбұрыш құруға болатындай әрқашанда үшеуін таңдауға болатынын дәлелдеңіз.
2019 – 2020 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіндегі ұсынылған кейбір тапсырмаларға тоқталайық
2019 – 2020 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіндегі ұсынылған кейбір тапсырмаларға тоқталайық
3 – есеп. Қабырғасы 1 – ге тең АВСД шаршысына сырттай сызылған шеңбердің ВС доғасынан М нүктесі алынған. АМ және ВД кесінділері Р нүктесінде, ал ДМ және АС кесінділері Q нүктесінде қиылысады. АРQД төртбұрырышының ауданын табыңыз.
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
ШҚО, Бородулиха ауданы, «Зубаир орта мектебі» КММ жоғарғы санатты математика пәні мұғалімі Садықов Амангелді
Сатмағанбетов Берік
Сатмағанбетов Берік
Түйіндеме 1. Фамилия: Сатмағанбетов 2. Аты: Берік 3. Әкесінің Аты: Жақыпұлы 5. Туған күні, айы, жылы: 27. 09. 1981 6. Туған жері: Ақтөбе қаласы, Әйтекеби ауданы Жабасақ ауылы. 7. Мекен – жайы: Ақтөбе қаласы 11 - мөлтек ауданы 114 үй 64 - пәтер 8.
Бастауыш сыныптарының пәндер олимпиаданың ашылу салтанаты
Бастауыш сыныптарының пәндер олимпиаданың ашылу салтанаты
СҚО, Ақжар ауданы, №2 Ленинград орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Байгожина Асемгуль Серикбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×