Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психологиялық тренинг: Мұғалім бейнесі

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Психологиялық тренинг тақырыбы: Мұғалім бейнесі
Қатысушылар: мектеп педагогтары (жас мамандар)
Мақсаты: Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі - түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Тренинг ережесімен таныстыру.
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
3. Шынайылық.
4. Белсенді әрекет ету.
5. Өз сезімін басқара білу.
6. Уақытпен санасу.

№1 жаттығу.. І. Сәлемдесу: «Көрші»- 1 минут
Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.
Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз
Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз
Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде
Бастықты көргенде.

Рефлексия. Жаттығудан алған әсері туралы ой бөлісу.
№2 жаттығу. «Өзіндік таңдау»
Қатысушылар орындарына жайғасып, бір - бірден берілген сөйлемдерді өз ойынша аяқтайды.
1. Менің ойымша мен...
2. Өзгелер мені...
3. Мен келешекте...

№3 жаттығу. «Бала»
Әр қатысушы түсінік береді: «Бала дегеніміз – ол...».

№4 жаттығу. «Ырғақты тоқтату».
Қатысушылар арасынан бір мұғалім ролінде ойнайды, қалғандары тәртәпсіз оқушылар. Оқушылар сыныпта шулап, мұғалім 5 минут ішінде сыныпты тыныштандыру керек. Немесе қатысушылардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөліседі.

№5 жаттығу. «Баға қою».
Қатысушылар шеңберге тұрады. Арасынан біреуі мұғалім, қалғандары оқушылар болады. Мұғалім роліндегі қатысушы негативті бағаны (екіні) бір оқушыға қоюы керек. Содан кейін, позитивті баға «бес» қоюы керек. Қалған қатысушылар мұғалімнің сол кездегі интоннациясын, эмоциясын қалай келтіргендігін, қандай сөздер айтқандығын бақылайды. Бұл рольде әрбір мұғалім болып көруі керек.
Психолог кеңесі: Оқушыға негативті баға қою кезінде мұғалім балаға деген өзінің қатынасын білдіру керек және сол баланың ертеңгі күні жақсы оқитындығына сенімділігін көрсету керек. Мысалы: «Өкінішті - ақ, Дина. Бүгін менің саған екі қоюыма тура келді. Сен өте қабілетті оқушысын. Алдағы уақытта бүгінгі бағаңды түзетесін деп ойлаймын».
Оқушыға позитивті баға қою кезінде мұғалім баланың оқуға деген талпынысын бекіту керек. Мысалы: «Жарайсың, сен бүгін бес алдың. Осы жолыңнан тайма».

№6 жаттығу «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты: 20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші: Ерте - ерте - ертеде... әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар
бір - біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:
«Бүгін маған сағат кешкі 6 - да телефон соқшы» - 1 - ші топқа арналған хат;
«Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2 - ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15. 00 - де менің туған күніме кел» - 3 - ші топқа арналған хат.
Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

№7 жаттығу. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөздер.
Қатысушылар шеңберге тұрып, нұсқаулықты тыңдайды: «Бір - екі айдың ішінде егер де Сізді қуантқан нәрселер көбірек болса, жасыл шарды алып «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде ренжіген сәттеріңіз басым болса, «Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» қызыл шарды алып осы сөйлемді аяқтау керек.

Рефлексия:
Не ұнады? Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіреді, тілектерін айтады.

Психологиялық тренинг: Мұғалім бейнесі. жүктеу
22 986
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Тренинг «Мен ғажайыппын»
Оқушыларды қиын жағдайдан шыға білуге үйрету, Оқушылардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Педагогтардың ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
«Мен ғажайыппын»
«Мен ғажайыппын»
Мақсаты: Ұстаздар арасындағы психологиялық ахуалды нығайту. Ситуациядан шыға білуге және өзін - өзі әрдайым көтеріңкі көңіл - күйде ұстауға баулу. Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Атырау қаласы, № 4 облыстық мектеп - интернатының биология пәні мұғалімі Бактыгереева Элеонора Исламқызы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ана - отбасының ұйытқысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×