Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боласың

01 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұғалімдер арасында өткен қалалық спортакиадасының салтанатты жабылуына арналған «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс - шараның сценарийі

Музыкалық фон - күй. Экранда мектептің спорт жетістіктері туралы слайдтар айналып тұрады.
«Көк тудың желбірегені...» орындалуымен акт залына Мемлекеттік Ту кіреді. Жанында жас спортшылар - кеуделерінде медальдар, қолдарында жалаушалар. Акт залы ішінен шерумен өтіп залдың оң қапталында орналасады.
Сахнаның артынан дауыс:
Шартарапқа шаттығындай қазақтың
Ғасыр сүйіп тұрған дайын ғажап күн
Көк байрағы, Елтаңбасы бірлігі
Шалқи берсін Гимніміз қазақтың
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Жүргізушілердің шығуы. Фон - фанфар1

1. Жүргізуші: Желтоқсанның тамаша күні бүгін,
Аямай күн де жерге төкті нұрын.
Сөзімдердің пернесін селт еткізер,
Бүгінгі күн ерекше, ерекше тым!
Армысыздар, бармысыздар халайық!
Жырдан, әннен сөз маржанын шашайық!
Жаңа жылда жаңа думан, жаңа жыр
Әкеледі әрбір үйге ағайын! - деп отырып, кележатқан Жаңа жылымыз құтты болсын ағайын! Жаңа жыл жаңа табыс, жаңы бақыт әкелсін, бақыттарымыз баянды болсын баршамызға құрметті бүгінгі мерекелік салтанатқа жиналған қауым!

2. Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, және де барлық спорт сүйер қауымы! Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп - лицейіндегі қалалық спортакиадасының жабылу салтанатына қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатымыздың ән шашуын 3 сынып оқушысы Мақсатұлы Ернардың «Қазақстан» әнімен бастамақпыз.
Мақсатұлы Ернардың орындауында ән.

Қонақтардың қол шапалақтауы
2. Жүргізуші: Біз бүгінгі салтанатымызды «Еліміздің бүгіні, ертеңі – болашақ салауатты жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – сауатты ұстаздардың қолында» деген Ел Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен ашқымыз келеді.
1. Жүргізуші: Спорт!... Сен өміріміздің сенімді серігісің. Біздің жанымыз бен тәнімізге өлшеусіз қуаныш сыйлайсың. О, спорт! Сен: армандау, қол жеткізу, биікке қол соз деп айтасың! Сен адамдарды бір – бірімен күш сынасуға, өзін – өзі жеңе білуге шақырасың!
Мәңгілік қозғалыс – ол спорт! – деп спортқа арнау айтқан атақты спорт қайраткері Пьер де Кубертеннің сөздері осы күндері де өз маңызын жойған жоқ.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.
Назарларыңызға, қаланың жас спортшылары, болашақ ел чемпиондары деген сеніммен ортаға каратистер тобын шақырамыз!
Арнайы музыкалық фон

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабары зор, оқыта білетін мұғалім», – деген.

2. Жүргізуші: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

1. Жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Шынықсаң шымыр боласың» салтанатымызды ресми түрде ашу мақсатында сөз қалалық білім бөлімінің басшысы Аралбаев Марат Жайылханұлына беріледі.
Фон: Лондон лимпиадасынан «Чемпиондар әні»

2. Жүргізуші: « 6» сынып оқушысы Зейналиева Алинаның орындауында «Мерекем»әні. Қабыл алыңыздар құрметті қонақтар!
Зейналиева Алинаның орындауында ән
Спортакияда есебін беру үшін ортаға әділқазылар төрағасы Досымов Асылхан ағайды шақырамыз.

1. Жүргізуші: Ардагерлер қашан да мақтанышым
Елге арналған еңбегің, барлық ісің,
Сіздерге құрметпен жол берейік
Ұстаздың ұстазы ел танитын
Қалалық спортакиадасының жеңімпаздарына марапат тапсыру рәсімін атқару мақсатында ортаға қошеметпен қалалық білім кәсіподақ комитетінің төрайымы Алимбетова Орынша апай мен спорт ардагері Шаймерден ағайды шақырамыз
Фон: Лондон олимпиадасының жалғасы кетеді
Марапаттау рәсімі (волейбол, футбол, баскетбол, ұлттық ойындар, үстелдегі теннис, 2400 - 1200 м - ге жүгіру, шахмат, дойбы)
Шынықсаң шымыр боласың. жүктеу
2 673
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Шынықсаң – шымыр боласың
Көбейту жəне бөлу – өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау.
Түбір мен қосымша Шынықсаң шымыр боласың
Түбір мен қосымша Шынықсаң шымыр боласың
Түбір мен қосымша. Шынықсаң шымыр боласың (қысқа мерзімді жоспар)
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Балалардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру; Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Шынықсаң шымыр боласың
Шынықсаң шымыр боласың
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ Тәрбиеші: Бегжанова Анар Узбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×