Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боларсың

02 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың
Мақсаты: Балалардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру; Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: топтық жарыс.
Қажетті құралдар: Гимнастикалық орындық - 2, шарлар, хоп добы - 2, себеттер, арқан, құрсаулар, доға - 2, жалаушалар, султаншиктер, кұм салған қапшықтар.

Жүргізу:
Балабақшамызда «Салауатты өмір салтын» ұстануда «Зерек» ортаңғы топ бүлдіршіндер арасында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Спорт – көркі өмірдің, Спорт - досың, серігің. Жаттықсаң шымыр боларсың, Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Ендеше, ортаға сайыскер топтарды шақырайық.

Ортада
«Айгөлек» тобы:
Ұраны: Әрқашанда тек білімді іздеген,
«Айгөлекпіз» спортты біз көздеген.

«Жұлдыз» тобы:
Ұраны: Жұлдыз болып көктегі,
Жарқыраймыз жайнаймыз.
Жеңістен құр қалмаймыз.
Жүргізуші:
Дүбірлі бақшам, дүбірле,
Арнаулы жолдан сүрінбе.
Жарыста нағыз мықтылар,
Жеңіске жетер түбінде бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.

1. Эстафеталық жарыс (жалауды жалғастыру)
Шарты: Бірінші сайыскер жалаушаны алып, белгіленген орынға дейін жүгіріп барып, кейін қайтып, жалаушаны келесі ойыншыға береді. Ойын жалғасын табады.

2. «Шабандоз» жарысы
Шарты: Хоп добымен бірінші сайыскер белгіленген орынға дейін секіріп барып, кейін қайтып, келесі ойыншыға береді. Ойын жалғасын табады.

3. «Мергендер» жарысы
Шарты: Бірінші сайыскер белгіленген орынға дейін жүгіріп барып, қораптан құм салған қапшықты алып кейін қайтып келіп, құрсауға кіріп, себетке құм қапшықты себетке лақтырып салу. Ойын жалғасын табады.

4. «Епті де, жүйрік» жарысы
Шарты: гимнастикалық орындық үстімен жүгіріп барп, секіріп түсіп, доғаның астымен еңбектеп өтіп, бастапқы орынға келу. Келесі ойыншы жалғастырады.

5. «Жүйрік паровоз» жарысы
Шарты: Бірінші бала қолына бағыттауыш беріледі, басқа балалар бірінің артынан бірі тіркесіп тұрып вагонға отырады. Паровоз белгіленген орыннан айналып, бастапқы орынға келеді. Қпй топ бірінші келсе сол жеңіске жетеді.

6. «Арқан тартыс» жарысы
Шарты: екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі берілгенде тартысады.

Ән: «Спорт біздің досымыз»

Сайыстың да соңы келіп таянар. Жеңімпазды анықтайық қанекей Сыйлықпенен марапаттап қойайық, - деп, жеңімпаздарды марапаттау. (командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етіледі.
3 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кім күшті, епті?
Кім күшті, епті?
Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Кім күшті, епті?
Кім күшті, епті?
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Спорт - өмір көркі
Спорт - өмір көркі
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×