Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс

12 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс

XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Білім жүйесіндегі осы өзгерістерді жүзеге асыратын, оның сапасын көтеретін ұстаздың теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі екені белгілі.

Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты жан – жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден - бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу.

Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті — қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет.
Бізде басшылықтан деңгейлік оқуды оқыған Директор ағай мен Лайла апай І деңгейде Бекібаева Айгүл
ІІ деңгей Шырын апай, Райса, Ералы, Гүлнұр
ІІІ деңгейде Гүлзия апай, Рахила, Руслан, Жанар, Сандуғаш, Айгерім, Мақпал, Галымжан. Осы мұғалімдер «Сындарлы оқыту теориясын» оқып Сертификатталған. Ал мектепте тренер Райсадан курсты оқып ұстаздардың да қызығушылығы артуда да деп ойлаймын және осы оқып жатқан апайлардың да сабақтары оқушылардың қызығушылығын арттырды, өйткені сыныпқа кірген кезде топқа бөлініп отырайық, бір - бірімізге сұрақ қоямыз деген сөзді жиі естіп жүрміз.
Ал шығармашылық жұмысты оқушылар топтасып отырып істесе, қарым - қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік туады. Берілген жұмысты бірлесе отырып талдайды, талқылайды, содан кейін барып қорғайды. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың іс - әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.

Бұл тәсіл
• оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтады;
• ұжымдық сезімді тәрбиелейді;
• пікірлерді талқылауға үйретеді;
• басқаның ойын, өзінің ой - түйіндерімен салыстыруға дағдыландырады;
• сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Топтық жұмыс кезінде мұғалімге қойылатын басты талап қандай болмақшы?
• оқушылардың ішінен ең тиімді ой - тұжырымды дәл таба білуі;
• оны алдын ала болжауы;
• сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі;
• барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы;
• оны мәдени тұрғыда қолдауы;
• қажетті сәттерде түзетулер енгізуі;
• әр оқушының мүмкіндігіне жол ашуы.
Топтық жұмысты басқару өзіміздің деңгейлік курстан өткен мұғалімдер қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, география, биология, тарих, математика сондай - ақ, еңбек сабақтарын өткізгенде қолданған тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, іс - әрекетті біртіндеп күрделендіріп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түсетіні анық. Сабақ барысында топтық жұмыс кезінде оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды орындауда
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс жүктеу
2 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Жаңа талпыныс, жаңа бағыт
Жаңа талпыныс, жаңа бағыт
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Ұстаздық ұлы жол
Ұстаздық ұлы жол
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Алшынова
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологиялардың оқушылар белсенділігін арттыруға ықпалы
Екібастұз қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. М. Мусабекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×