Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаздық ұлы жол

18 наурыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ұстаздық ұлы жол

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек - зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу - ұстаз міндеті. Елбасы Н. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын. Ендеше тәуелсіз Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақ және ұстаз келбетімен айшықталмақ. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Осы жолда ұстаздар еңбегі зор. Аудан мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс - тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі, қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, мектептердің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Соның бір дәлелі 2010 - 2011 оқу жылының қыркүйек айының өзінде облыстық «Жыл мұғалімі - 2010» байқауына қатынасқан №1 Шонжы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғ. Есенова өзінің білімділігін көрсетіп, жүлделі орынды иеленсе, облыстық «Үздік ауыл мектебі - 2010» байқауына қатынасқан Шарын орта мектебінің ұжымы да өз білім, біліктіліктерінің арқасында жүлделі орынды жеңіп алды. Әрине бұл аудан үшін үлкен мақтанарлық жетістік. Президент Н. Ә. Назарбаевтың ауылды көркейту, гүлдендіру, жас ұрпақтың болашағын жарқын ету мақсатында жас мамандарды ауылға тартып, «Дипломмен ауылға» атты жарқын жобаны қолға алғаны баршамызға белгілі. Соның негізінде ауданымызға 61 жас маман келіп, еңбек жолдарын бастап кетті. Әдептілік пен парасаттылықтың озық үлгісі – Ұстаз. Біз ес білгеннен соның жанарына қарап, жанының мөлдір бұлағынан сусындаймыз. Ең қадірлі жан «Ұстазым» деп білеміз. Елімізде мұғалімдер еңбегі жоғары бағаланады. Біздің ауданымызда да еңбегімен еленіп, халқының қошеметіне бөленген ұлағатты ұстаздарымыз баршылық.
9 157
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт - сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары
Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ.
Отбасы - ол бір мемлекет
Отбасы - ол бір мемлекет
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы Әбдікова Әсем Серікқызы
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ұстаздық – киелі де, мәртебелі мамандық
Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі Беккожина Нуржамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×