Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»

16 ақпан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр. Өткен ғасырдың 30жж сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттілігі нақты айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.

Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделініп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері және оқытудың коммуникациялық аспектілері және танымдық аспектілері.Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүгізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді.

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
- білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т.б.
5 556
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Биология пәніндегі ақпаратты технология
Биология пәніндегі ақпаратты технология
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК «Жаратылыстану - математикалық»циклдің оқытушысы Касымбекова Акбота Абдималиковна
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×