Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы

30 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Жаңа ақпараттық технологиялар - кластан тыс іс - шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1 - тарау. Жаңа ақпараттық технологиялар білім жүйесінде.
1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялардың білім жүйесіне енгізілуі.
1. 2. Жаңа ақпараттық технологиялардың білім жүйесінде алатын орны.
2 - тарау. Жаңа ақпараттық технологиялар - кластан тыс іс - шараларды өткізудің қызықты да, тиімді жолы
2. 1. Интерактивті тақта көмегімен өткізілген «Білім патшалығы» атты кластан тыс шара
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

АННОТАЦИЯ
Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырлар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандыруы мен даму жылдамдығы білім беруге деген талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңестігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиялық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т. б.
Жұмыстың мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кластан тыс іс - шараларды өткізу барысында қаншалықты өзгеріс болатынын байқау.
Жұмыстың болжамдылығын: жаңа ақпараттық технологиялар өзгермелі дүние жағдайында өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық құзіреттілігін, жан - жақты дамуын жетілдіруге жол ашатын әдістердің бірі болғандықтан, кластан тыс іс - шаралардың жоспарын жаңа ақпараттық технологиялардың күшіне сүйене отырып құрса, онда олардың қызықты да, тиімді түрде өтетіні анық.
Жұмыстың теориялық мәнділігі: жаңа ақпараттық технологияларды кластан тыс іс - шараларды ұйымдастыруда маңыздылығы туралы түсінік беру
Жұмыстың практикалық мәнділігі: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен құрылған кластан тыс іс - шаралар жоспарларымен танысу, әдістемелік құрал есебінде пайдалану.
Жұмыс барысындағы әдіс - тәсілдер: анализ, синтез, салыстыру, салғастыру, бақылау, сұрау әдістері.

КІРІСПЕ
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың 3 - тарауы 18 - бағытының 7 - тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай ақ, 17 - бағыттың 3 - тармақшасында «Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану заман талабынан туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі - білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мектептерде мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе 2006 - жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасындағы оқу - тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу - тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Сол жолда қазір оқытуды толық электрондық оқыту жүйесіне көшіру де қолға алынуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі тиіс.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялардың білім жүйесіне енгізілуі..
XXI ғасырда адамдар жаңа технологиялар тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой - өрісіне әсерін тигізді және таңқалдырды.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандыруы мен даму жылдамдығы білім беруге қоятын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т. б.


Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 945
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі
Азаматтардың ДНК номерін беруде автоматтандырылған интернет жүйесі
Қызылорда қаласы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өрікбай Айсана Қанатқызы Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Нысанова Нұргүл Қуанышқызы
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
«Ақпараттық технологиялар және білім сапасы»
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Қ.Р.Президенті Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, ақпараттық технологиялар мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×