Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып бірлестік мұғалімдеріне арналған тренинг

11 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Үлгерімі төмен оқитын оқушылармен жұмыстарды ұйымдастыру
(Бастауыш сынып бірлестік мұғалімдеріне арналған тренинг)

Топқа бөлу:
Нашар оқитын оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары
I топ: «бала құқын қорғау» - сөзсайыс (дебат
Мақсаты: Мұғалімнің құқық негіздерін білу, қандай заңдылықтар қолдау керек.
II топ: Мінездеме жазу (Жазу стратегиясы)
Мақсаты: Мұғалімнің сауаттылығын артыру, мінездеме жазу дағдысын жетілдіру

III топ: Педогогикалық жағдаяттар
Мақсаты: Педагогтің мектепке оқушылармен кездесетін әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешу шеберлігін арттыру.

ІV топ: Сауалнама
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық - психологиялық негіздерді игеруін, теориялық білімін бақылау.

І топ: Жағдаят (көрініс арқылы)
Айгүл үйіне келіп ата - аналар жиналысы болатындығын ескертеді. Анасы оған жиналыста мұғалім тек оқу озаттарын мақтап Айгүлді «нашар» дей бергендіктен бара алмайтындығын айтты. Айгүл ата - анасы жиналысқа келмесе мұғалімі ұрсатындығына көңілі түсті. Анасы онда «сабақ бармай - ақ қой» дейді. Содан бала сабақтан 2 - 3 күн қалды.

Тапсырма: І топ: Баланы жақтаушы.
Себебі: Айгүл өзінің сыныптастары арасында ұялады. Мұғалімнің өзіне көңіл аудармайтындығына, тек қана ескерту ала беретіндіктен де, ата - анасының жиналысқа бармағандықтан мұғалімнің ұрыс еститіндігінен сабаққа бармады.
Мұғалім баланың психологиясын білуі керек. Үй ішіне барып қарым - қатынас жасап отыруы керек.

ІІ топ: Баланы даттаушы.
Айгүл күнделікті сабағына жақсы дайындалып, мұғалімдердің ескертулерінен қорытынды шығарып отыруы керек. Айгүлдің сабақ оқуына ата - анасы көмектесуі керек. Мектепте мұғалім, үйде ата - анасы көмекші болуы керек.

ІІ топ: Мінездеме жазу
Сыныбындағы нашар оқушыға мінездеме жазу.
«Қиын» оқушы моделі қандай?

ІІІ топ: Педагогикалық жағдаяттар
1 – жағдаят
Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады.
1. Директорға не дейсіз?
2. Ата - анаға не дейсіз?
3. Өзіңізге өзіңіз не дейсіз?
2 – жағдаят
Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Талғат сотқа тартылды. Ата - анасы бұған кінәлі мектеп деген ойда болатын.
1. Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі неде?
2. Ал мектеп бұл істен сырт қалуы керек пе?

3 – жағдаят
Он жасар Қуан мектепте «қиын» бала аталған. Наурыз мейрамы күні сынып жетекшісі оған бір - екі жолдасын ертіп мектеп ауласына он шақты тал отырғызуды міндеттеді. Ол өз жолдастарымен қоғамдық тапсырманы тиянақты орындап шықты. Мектеп линейкасында оларға алғыс айтылды. Осы кезден бастап бала өміріне өзгерістер ене бастады.
1. Жеткіншекке жасалған педагогикалық ықпалдың нәтижелі болу себебі неде?
2. «Қиын» бала мен педагогтың арасындағы қарым - қатынас қалай болу керек?
4 – жағдаят
Мұғалім оқушыларға жүргізген диагностика нәтижесінде өзінің момын, үндемейтін, мінезімен көзге түсетін Серік ең беделді оқушы қатарына шықты да, ал көңілді, жарқын мінезді, балалармен қарым - қатынаста үнемі белсенділік көрсеткен Нұрлан үш - ақ дауыс алды.
1. Алынған мәлімет бойынша Нұрлан белсінділер құрамына кезінде дұрыс тағайындалған ба?
2. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шешім жасау керек?

ІV топ: Сауалнама
1) Педагогиканың ғылым ретінде дамуы мынаны анықтайды.
А) ғылым мен техника прогресін.
В) қоғам өміріндегі тәрбие рөлін көтеруді.
С) ата - ананың балаларының бақыты жөнінде қамқорлығын.
Д) тек жалғастырудың биологиялық заңын.
2) Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін жетекші фактор:
А) талдап - қорыту, жинақтау.
В) өзін - өзі тәрбиелеу.
С) қоршаған ортасы, тәрбие, тұқымқуалаушылық.
Д) отбасы.
Е) жолдастары.
3) Бастауыш мектеп оқушыларының қарым - қатынасының қалыптастыруына мына жайлар көбірек әсер етеді:
А) ата - анасының пікірі.
В) жолдастарының пікірі.
С) мұғалімнің пікірі.
Д) өз пікірі.
Е) туыстарының пікірі.
4) Жеке тұлғаның туа біткен қасиеттеріне мыналар жатады:
А) темперамент.
В) жады.
С) ойлау.
Д) қабылдау.
Е) ақыл - ой тәрбиесі.

5) Оқушының мінез - құлқы мен іс - әрекетін ынталандыру үшін қолданылатын:
А) марапаттау.
В) сендіру.
С) әдеттендіру.
Д) жазалау.
Е) әңгімелесу.
6) Тұлғаның өз жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруы жөніндегі саналы іс - әрекеті:
А) өзін - өзі дамыту.
В) өзін - өзі тәрбиелеу.
С) өздігінен білім көтеру.
Д) өзін - өзі басқару.
Е) өзін - өзі жетілдіру.
7) Жабыраңқы көңіл күй:
А) депрессия.
В) импульсивтілік.
С) күлкі.
Д) ашу.
Е) аффект.
8) Педагогикалық ғылым үздіксіз байланыста:
А) өнер тарихымен.
В) математикамен.
С) психологиямен.
Д) биологиямен.
Е) физикамен.
9) Қазақстанның тұңғыш психолог - ғылымы
А) Петровский А. В.
В) Мұқанов М. М.
С) Жарықбаев К. Б.
Д) Шабельников В. С.
Е) Аймауытов Ж.
10) Депрессияға бейімділігімен сипатталатын темперанент типі:
А) меланхолик
В) флегматик
С) сангвиник
Д) холерик

Қорытынды: Мұғалімнің «қиын» оқушымен жұмыс жасау алгоритімі.
1) Балаларды қызықтыра білу, оларды жеке және ұжымдық табысты қызметін ұйымдастыра білу;
2) Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын іздеу;
3) Өзінде рефлексиялық мәдениетін дамыта білу
- Жас ерекшелігі мен балалар қарым - қатынасы және шығармашылық психологиясын зерттеу;
4) Ғаламдық және әлеуметтік үрдістерін тұжырымдай білу;
5) Баланың ішкі дүниесін кеңдігі мен байлығын, болып жатқан құбылыстарға қызығушылығын таныту;
6) Ой - өрісін кеңейту мен жаңаны игеруге ынталандыру;
7) Педагогикалық - психологиялық ғылымның жетістіктеріне қызығу, тәрбие мақсатына жетуде пайдалана білу.

Қ. Сәтбаев орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Карагойшиева Сара Тұяққызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 882
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу - тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды
Педагогикалық - психологиялық мінездеме. Мінездеме жазу үлгісі
Педагогикалық - психологиялық мінездеме. Мінездеме жазу үлгісі
Отбасында жайлы тұрақты қарым - қатынас қалыптасқан. Гүлайым толық отбасында тәрбиеленуде. Ата - анасы баланың үйлесімді дамуына, оның денсаулығына және оқуына әрдайым көмектесіп отырады. Баланың бойында жақсы әдеттерді оның дүниетанымы мен өмірлік
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу - тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық – гигиеналық нормалардың бұзылуында.
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×