Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі әдістемелік жұмыс

22 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Мектептегі әдістемелік жұмыс

Кіріспе
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т. с. с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді:
- Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
- Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
- Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі;
- Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
- Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру;
- Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
- Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс - шаралар арқылы көрсету;
- Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
- Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
- Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс - шаралар нәтижесінде оқу - тәрбие процесіне өзгерістер енгізу;
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау, шығармашылық орта қалыптастыру;
- Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;
Мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының құжаттар тізімі

1. Нормативтік – құқықтық және әдістемелік - нұсқаулық құжаттары (бұйрықтар, байқаулардың ережелері, әдістемелік жұмыстар бойынша нұсқау хаттар):
- педагогтардың әдістемелік бірлестік және шығармашылық топтар құру жөніндегі бұйрықтары;
- әдістемелік бірлестік және шығармашылық топ жетекшілерін тағайындау жөніндегі бұйрықтар;
- әдістемелік бірлестік, кафедра және шығармашылық топ ережелері;
- өткен жылғы атқарылған жұмыстардың сараптамасы;
- әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты таңдалған бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері;
- жылдық жұмыс жоспары, әр айға арналған әдістемелік жұмыстың жоспар – кестесі;
- мұғалімдер жайлы мәліметтер банкі: саны және сапасы бойынша (жасы, білімі, мамандығы, пәні, жалпы және педагогикалық еңбек өтілі, санаты, марапаттары)
- әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру туралы мәлімет.
- әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің аттестатциядан өту кестесі, жылдық және кешенді жоспары;
- мұғалімдердің өз білімін жетілдірудің кешенді жоспары;
- бақылау жұмыстарын өткізу, әкімшілік тарапынан тоқсанда өткізілетін бақылау жұмыстарының және мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесі;
- әдістемелік бірлестік пен әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары;
- зерттеу және тәжірибе – эксперимент жұмыстарының бағдарламасы;
- білім сапасын бақылау үшін алынған материалдар сараптамасы (ҰБТ, МАБ, бақылау жұмыстарының мәліметі, диагностика, мониторингі, қорытынды және аралық аттестация нәтижелері);
- оқу бағдарламалары (жалпы білім беретін, тереңдетіп оқыту, пән бойынша авторлық, қолданбалы және таңдау курстарының т. б.)
- әр пән бойынша тақырыптық жоспарлау, оқу - әдістемелік, бірлестік жайлы ақпарат;
- әр бір мұғалімнің инновациялық матрицасының көлемі;
- сауалнама, сабақтарды талдау схемасы (дәрістердің типтері және түрлері, талдаудың типтері және түрлері, талдау карточкалары, өзін - өзі талдау үшін карта - схемалар)
- жас мамандармен жұмыс жоспары;
- пән апталығын (онкүндік, айлығы) өткізу жоспары, әдістемелік материалдар;

2. Дәптерлер (журналдар);

- директордың орынбасары жанындағы кеңес;
- пән мұғалімдерімен кеңес;
- сабақтарға ену;
- пән бойынша сабақтан тыс іс - шараларға ену.

Директордың оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру

1. Неден бастаймыз?
Білім мекемесінің даму стратегиясын анықтаудан және жаңа оқу жылына арналған директордың орынбасары және педкадрлар қызметінің технологиялық картасын жасаудан. Негіз ретінде келесі кезеңдерді алуға болады:
• Ұйымдастырушылық - дайындық;
• Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің және оқу пәндерін оқытудың деңгейін диагностикалау;
• Теориялық және практикалық материалдарды зерттеу;
• Озат педагогикалық тәжірибені тарату;
• Мұғалімдердің практикалық қызметін ұйымдастыру;
• Жылдық жұмысты талдау.

Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Мектептегі әдістемелік жұмыс. жүктеу
40 604
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8 - сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×