Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Елордалық зияткерлер: карантин шығармашылыққа кедергі емес

Елордалық зияткерлер: карантин шығармашылыққа кедергі емес

03 сәуір 2020, Жұма
Категориясы: Білім
Елордалық зияткерлер: карантин шығармашылыққа кедергі емес
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы мектеп оқушылары көктемгі каникулға жылдағыдан ертерек шығып, карантиндік режимде үй жағдайында оқшауланып отыр. Бұл ретте, әрине, баланың бос уақыты әдеттегіден екі есе артатыны жасырын емес. Сол себепті де баланың бос уақытын тиімді пайдалану әрі ұйымдастыру ­­­ – осы күнгі педагогтар мен ата - ананың ең өзекті мәселесіне айналып отыр.
«Бос уақыт – шығармашылығымызды шыңдауға арналған мүмкіндік», - деп ұрандатқан Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары үй жағдайында уақытты мазмұнды ұйымдастырудың құпиясымен бөлісті, - деп хабарлайды білім ордасының баспасөз қызметі.
Өнерлі оқушылар үй жағдайында патриоттық әуендерге мың бұрала би билеп, өнерлерін көрсетті. Олар билерін арнайы видеоға түсіріп, сүйікті ұстаздарымен бөліскен. Балалардың айтуынша, жалқаулану пен зерігу шығармашыл адамдарға тән әрекет емес. Шығармашылықты шыңдау үшін кез - келген жағдай мен орынға бейімделе білу керек.
- Мектеп қабырғасында үйренген би қимылдарын балалардың есте сақтауы үшін қайталауы көңіл қуантады, бірақ олардың әлемді жайлаған пандемия кезінде халыққа қолдау көрсету мақсатында жасаған бұл әрекеттері таңғалдырды. Балалар патриоттық әуендерді, вирусқа қарсы шығарылған заманауи әндерді таңдап, бимен әрлеген, - дейді Халықаралық мектептің музыкалық - көркемдік жетекшісі Риза Рахимова.
Карантин уақытындағы бос кеңістікті толтыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, таным көкжиегін кеңейту мақсатында кітап оқу, достарымен қарым - қатынас жасау, спортпен шұғылдану, тіл үйрену және т. б. шараларды жоспарлайтынымыз анық. Бұл тізімнен шығармашылықтың да ойып тұрып алар орны бар деп есептейміз. Мұны, Халықаралық мектептің оқушылары тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сандуғаш КОЖИНА,
"Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп" "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы
316
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, - деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)