Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Алматыда Халықаралық START - UP бағдарламасының тұсаукесері өтеді

Алматыда Халықаралық START - UP бағдарламасының тұсаукесері өтеді

11 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Қоғам
Алматыда Халықаралық START - UP бағдарламасының тұсаукесері өтеді
2020 жылдың 17 - 25 ақпан аралығында Алматыда тұңғыш рет канадалық YEDI - Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының халықаралық START - UP бағдарламасының тұсаукесері өтеді. Жобаның Қазақстандық серіктесі - Сулейман Демирел Университеті. YEDI (York Entrepreneurship Development Institute) - бұл Канада үкіметімен, ірі банктері және жеке ұйымдарымен қаржыландырылатын үздік бизнес - акселератор және ірі венчурлік қор.
START - UP жобаның бағдарламасы Солтүстік Америка нарығында кәсіпкерлігін дамытуды және кеңейтуді жоспарлап отырған Орталық Азия елдерінің бизнес - қауымдастығына арналған екі апталық қарқынды курстан тұрады. Курстың мақсаты – кәсіпкерлерге менторлық қолдау көрсету және кәсіби тұрғыдан даярлау арқылы Канадада кәсіпкерлікті бастау мен дамыту мүмкіндіктері туралы ақпаратты жеткізу. Жоба барысында тәжірибелі халықаралық спикерлер бизнесті дамыту бойынша практикалық құралдардың тетіктерін кәсіпкерлерге кешенді түрде таныстырады. Курс аяқталған соң, 25 - ақпан күні Алматыда кәсіпкерлерге арналған венчурлік жәрмеңке өтеді, шара аясында үздік стартап жобалар анықталып, канадалық бизнес - акселератордың жан - жақты қолдауымен Солтүстік Америкаға виза алу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кеткен жөн, Канадада кәсіпкерлікпен айналысу шетелдіктерге үлкен мүмкіндіктер береді. Халықаралық KPMG ірі аудиторлық компаниясының рейтингі бойынша, Канаданың үш бірдей қаласы – Монреаль, Ванкувер және Торонто – кәсіпкерлікті жүргізу шарттары бойынша әлемдік үздік ондықтың құрамына кіреді. Бұдан бұрын START - UP YEDI жобасы Канада, Армения, Украина және басқа да бірқатар елдердің түрлі қалаларында жүзеге асырылып, кәсіпкерлер арасында табысты тәжірибе жинақтаған. YEDI - мен стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстан мен Канаданың іскерлік байланысын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
320
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)