Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Тылдағы тынымсыз еңбектің үлгісі – Бибінұр Ахметқызы

Тылдағы тынымсыз еңбектің үлгісі – Бибінұр Ахметқызы

08 мам 2020, Жұма
Категориясы: Қоғам
Тылдағы тынымсыз еңбектің үлгісі – Бибінұр Ахметқызы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде онлайн форматта майдан және тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылуда. Сондай тағылымы мол кездесулердің бірі – Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің «Хан Тәңірі» шаңырағында ел басына төнген қиыншылықты көзімен көрген тыл ардагері, қайсар ана Бибінұр Ахметқызының қатысуымен өтті. Бибінұр Ахметқызы қазақтың бұлбұлы атанған жезтаңдай әнші, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың әпкесі. Ардагердің немересі Томирис Сағындық Халықаралық мектептің 7 сыныбында білім алуда.


«Қайран біздің аналар арды ойлаған» деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, соғыс жылдарында ер - азаматтың қайратын қажет ететін «қара жұмыста» бой жазбастан еңбек етіп, азаматтарды жоқтатпаған қайсар аналарымыздың таптырмас үлгісі – Бибінұр Ахметқызы сұрапыл соғыс жылдары жайында сыр шертті.
- Соғыс басталған тұста мен небарі 12 - 13 жастың шамасында едім. Балалығымыз қара халықтың басына төнген қиыншылықпен басталды. Жиырма бес жасында шиеттей бала - шағамен жесір қалған анам, сол ауыртпалықты жалғыз өзі көтерді. Жоқшылығы мен аштығы қатар келген заманның бейнетін жастықпен көтердік. Еңбек ортасына ерте араластық. Сіңлім Бибігүл ағаш өңдейтін зауытқа жұмысқа тұрды. Жарамсыз қалдықтарды жинап, үйге әкелетінбіз. Бар ойымыз отын етіп жағып, бауырларымызбен бірге жылыну ғой. Әскери госпитальдің жұмысына да араласқан шағымыз болды. Мен жауынгерлерге хат жазуға көмектессем, сіңлім Бибігүл ән салып беретін. Сол уақытта Бибігүлді "Катюша" деп те атап кеткен. Сол күндерді ой елегінен өткізсем, қуанышы аз болған екен ғойі», - деп күрсінді қарт ана.
Бибінұр Ахметқызының әңгімесін зейін қойып тыңдаған оқушылар, қаршадайынан соғыс даласын көрген қарт әжейдің жабырқаулы көңілін байқаса керек, әңгіменің барысын өзге арнаға бұрып, жеңісті жақындатқан барша ардагерлерге алғыстарын білдірді:
- Болашақ ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған ардагерлеріміздің есімі біздей өскелең ұрпақтың жадында мәңгілікке сақталады. Ерліктеріңіз әлі талай ұрпаққа аңыз болып айтылып жүрері сөзсіз. Ерліктеріңізді құрметтеу, есімдеріңізді ұлықтау – бізге тапсырылған үлкен аманат, - деді оқушылар бірауыздан.
- Бүгінгідей қиын - қыстау уақытқа қарамастан, балалардың біздерді естерінен шығармай, ғаламтор арқылы жүздесуге, тілдесуге шақырғаны қатты қуантты. Оқушылардың жарқын жүздері мен мөлдіреген көздерін көріп, бейбіт күннің қуанышы арта беруін тілеймін», - деп кейіпкеріміз ағынан жарылды.
Онлайн кездесудің соңында балалар тыл ардагері Бибінұр Ахметқызымен халық әні «Құсни - Қорланды» орындады. Күміс көмей дауыс әпкелі - сіңлілі Бибінұр мен Бибігүл аналарымыздың бойына дарыған, қанына сіңген асыл қасиет деген ойға қалдық.
Бүгінде сексеннің сеңгірінен өтіп, тоқсаннын тобығынан асқан тыл ардагері Бибінұр Ахметқызына зор денсаулық, сарқылмас қуат, ұзақ және бақытты өмір тілейміз.
Сандуғаш Кожина
"Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп" "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы
191
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің шығармашылық тобы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, - деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)