Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз - ізгілікке жетелеуші

04 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы,
«Бейнеу мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің биология - химия пәні мұғалімі
Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы

Ұстаз - ізгілікке жетелеуші
ХХІ ғасырда өмір сүретін жас ұрпақ үшін өзекті болып табылатын білім беру бағдарламаларын дамытуға қалай қатыса алады дегенге заманауи көзқарас басқаша.
Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектептері де білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.

Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы шетелдік тәжірибені зерделеп, енгізуді қажет етеді, бұл әсіресе ХХІ ғасыр ұрпағы үшін өзекті мәселе болып табылады.
Баланың бойында күш - қуаты жеткілікті, шын дарынды екендігіне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы.
Қазақстан мектептерінде білім берудің жаңа әдістеріне көшу - алдымен мұғалімдерден бастау алу керек.
Мұғалімнің оқушылар арасында сыйлы, беделді болуы, ең алдымен өз пәнін жетік біліп, ғылым мен техниканың үздік жетістіктерін, жаңаша сабақ өткізу технологияларын пайдалана отырып, сабақты жоғары деңгейде өткізуіне, оған тыңғылықты дайындықпен келуіне байланысты.
Осы мақсатта «Кембридж» оқу бағдарламасы бойынша үшінші (базалық) деңгей курс тапсырмалары бойынша өз әріптестерімнің арасында өткізген семинар - тренинг сабағымды жолдап отырмын.
Мақсаты:
1. Оқушылардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарынымен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесу.
2. Күрделі де, жауапты міндетті «ізгі ақыл» мен «жылы жүректі» ұстаздардың балалармен өзара түсініктік, сыйластық, ынтымақтастық жағдайында ғасырлар бойы жинақталған адамзат мұрасының жалпы адамзаттың құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Әдіс - тәсілі: Тест, пікіралмасу, түсіндіру.
Идеясы: «Жылы жүректі», «Ақылды, мейірімді» мұғалімдерді қалыптастыру
Нәтиже: Ұстаздар қауымында қабілеті, ынта - жігері, қызығушылығы, шығармашылығы, білім - біліктілік дағдылары артқан тұлға қалыптасу.

Жүрісі: Эпиграфы: «Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі»
1. Миға шабуыл: (ой қозғау)
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.
Өмір - күрес, бақыт күресте
Өмірдің алды - ыстық, арты суық
Алды ойын, артқы жағы - мұңға жуық (Абай).
Біз, кірпіш болып қаланып, өзімізге ұнайтын мамандық алдың, нанын жеп жүрміз бақытын көріп келеміз. Өмір - күрес, бақыт үшін күресіп жүрміз.
Мектеп мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені, ол балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуда оның үлгісі мен әсер - ықпал ерекше мол. «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес», - деген Я. А. Коменский.

Тапсырма - 1: Мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптар қандай?
Талаптар:
1. Ерік
2. Қайрат
3. Мінезге бай болуы
4. Адами қасиеті
5. Білімді
6. Ұқыптылығы, т. б.

Сергіту сәті: Көзді ашып жұмамыз. Арқаны тік ұстаймыз. Асықпай мұрын арқылы терең ауаны ішке жұтамыз. Асықпай демді сыртқа шығарамыз. Тыныс алу кезінде «Мен» деп, тыныс шығар кезінде «Өзімді еркін сезінемін» деп айтыңыз.
Тапсырма - 2. «Сіз қуана білесіз бе?» тестісі:
1. Егер маған тыныштық пен қуаныштың біреуін таңдау керек болса, мен екіншісі таңдар едім.
2. Білімді, алғыр зерек шәкірттерімді көргенде менде қуаныш басым болады.
3. Өмір маған ешкімге құлай сенуге болмайтынын үйретті.
4. Шын мәнінде менің өмірім шәкірттеріммен бақытты.
5. Мен жанұяммен бақыттымын.
Адам өз өміріне риза болу керек, өйткені адам табиғаттың ең керемет жаратылысы. Әрдайым достарыңызбен, әріптестеріңізбен бірге болып, бір - біріңізді бағалап, түсіністікпен өмір сүре білейік!

Тапсырма – 3: «Аяқталмаған сөйлем»
Мұғалім бойындағы «жақсы қасиет» деп ---------------------------------------
Мұғалім бойындағы «жаман қасиет» деп ---------------------------------------
Ақылды болу үшін не істеу керек? -----------------------------------------------

Тапсырма – 4: «Ой талқы» (Ассоциация құру)
Түйін: Жақсы адам күндей айналасына жылу береді. Әл - Фараби бабамыздың
«Ақыл дегеніміз екі нәрсенің жақсырағын таңдап алу қасиеті» деген.

Тапсырма – 5: «Өзіңізге мінездеме» тестісі
Кілті: «иә», «жоқ», «білмеймін».
1. Достарыңыз көп пе?
2. Уақытпен жүру сіздің мінезіңізге тән бе?
3. Қатаң стильде киінгенді ұнатасыз ба?
4. Біреуге деген жағымсыз сезімдеріңізді елдің көзінше көрсетесіз бе?
5. Сіз сыр сақтай аласыз ба?
6. Мерекелік дастарханды ұнатасыз ба?
7. Қонақ келгенде көңілін аулап еліктіре аласыз ба?

Тапсырма - 6 «Жаңа бастамамен - 12 жылдыққа».
«Ой жетпейтін жер болмайды» деп Б. Момышұлы айтқандай, қағаз бетіне өз ойларыңыз бен идеяларыңызды ұтымды оймен ұштастыра отырып, «12 жылдың мектептің мұғалімі қандай болуы керек?» топтастыру немесе ассоциация құру.

Тапсырма - 7 «Жан жүрек жылуы»
Мұғалімдерге сұрақ қойылады.
- Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз оянып, толықты ма?
Нені сездіңіздер?
- Ерекше бір жылылықты сезіндіңіздер ме?
Мына үлкен жүрек мұғалім, сіздің жүрегіңіз, олай болса, шәкірттеріңізге жылы сөздер арнаңыздар! Олай болса, мұғалімнің жүрегі қашанда бала деп соғуы керек.
Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр әл - Фарабидің сөзімен түйіндесек:
«Ұстаздың мінез - құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдың шәкірті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарапайым болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Мәңгілік ел бастауы - жаңашыл ұстаз
Мәңгілік ел бастауы - жаңашыл ұстаз
Мәңгілік ел идеясы туралы ой - түйіндерді іске асыру жолында жан - жақты «қаруланған» білім мен біліктілігінде болашаққа жол ашып қана қоймай, ұйытқы да, көшбасшы бола алатын жаңашыл ұстаздар қауымдастығы деп білемін.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Баланың таным қабілетін дамытудағы ойынның маңызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×