Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік ел бастауы - жаңашыл ұстаз

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп
тарих пәнінің мұғалімі Г. К. Казербаева

Мәңгілік ел бастауы - жаңашыл ұстаз.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кеш - кен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан - жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті. « Мәңгілік Ел - ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық - деп атап өтті.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. Мұны «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек. «Мәңгілік ел» идеясының келесі тұғыры, негізі - Елбасы үнемі айтып келе жатқан елдің ішкі тұрақтылығы, халықтардың өзара достығы мен татулығы, бір - біріне деген сыйластық қарым - қатынасы. Этнос және дінаралық келісім мен татулық Қазақстан дамуының басты тұғыры. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат - мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші.

Мәңгілік ел идеясы туралы ой - түйіндерді іске асыру жолында жан - жақты «қаруланған» білім мен біліктілігінде болашаққа жол ашып қана қоймай, ұйытқы да, көшбасшы бола алатын жаңашыл ұстаздар қауымдастығы деп білемін. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деді.

Жолдауда маңызды мәселенің бірі – білім саласының жай - күйі кеңінен сараланған.
«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді.
Елбасымыз әрдайым атап көрсететіндей, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Бүгінгі Қазақстан қоғамының тұтастай алғандағы әлеуметтік әлеуеті осындай ұстаз даярлау ісіне бүкілхалықтық нышан беруге мүмкіндік берілуде. Осыған сәйкес білікті мұғалім кадрларын даярлайтын білім Ордаларының алдында өз жұмысын уақыт талабына сай қайта құру міндеті тұр. Бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мен мән - мазмұны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бекіткен «Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бағдарлама білім саласында осы күнге дейін орын алып келген олқылықтардың орнын толтыруға, еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту¬ға қол жеткізуді көздеп отыр. Сондай - ақ бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін қаржыландыруды жақсарту, педагог мәртебесін көтеру, білім беру менеджментінің сапасын жақсарту, электронды оқулықтарды жүйелі түрде енгізу, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары мектептен кейінгі білім беру, тәрбие жұмысы және жастар саясаты тәрізді мәселелерді түбегейлі шешу міндеттерін қамтиды.

Толық нұсқасын жүктеу
5 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие - Мәңгілік елдің кепілі
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты ұстаным - «Мәңгілік ел» эссе
Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті...
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Мәңгілік ел» идеясы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеудің жылдық бағдарламасы
«Бір ел – бір тағдыр» оқушыларға жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы мен мақсаттарын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіну.
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
Тіл - «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі - ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңі
Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу, мәнін түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×