Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте

25 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Тақырыбы: Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте

Мақсаты: әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жасалған жыл бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау, жинақтау
Жүрісі:
І. Кіріспе бөлімі
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
Осы өлең шумақтары арқылы бүгінгі бірлестік жетекшілерімен өтетін ««Ұстаз еңбегі шығармашылық ізденісте» тақырыбындағы шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Мектебімізде 6 бірлестік жұмыс жасайды. Енді осы бірлестік жетекшілерін өлең шумақтарымен қарсы алайық:

ІІ. Негізгі бөлім
1) Бірлестік жетекшілерін таныстыру.
1) Жүрегіңіз жұмсақ, ісіңізге адалсыз,
Жас ұстазды үйретуде қаталсыз.
Шәкіртіңіз қуанта білді біліммен
Ғылыми жобалардан орын алып,
Политехникалық бірлестік жетекшісі
Алдыңызда Еділханова Ақзер Меделқызы

2) Мінезі оның салмақты,
Сөз саптауды аумақты.
Болашаққа бағыт - бағдар сілтейді,
Адалдықты әр ісіңнен білдіріп.
Оқушысы орын алған сайыстан
Тілдердің ол жетекшісі, қазақ тілінің маманы,
Қарсы алыңыз Ізмағанбетова Құралай Ғариполлақызын!

3) Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға баттың, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді әр кез өтеліп.
Әнші, биші, өнерлі шәкірттерді
Келеді еңбекпенен тәрбиелеп
Бастауыш сыныптар жетекшісі
Алдыңызда Қопашева Ақмарал Жалғасқызы

4) Қыр сыры мол, қиын жолда талмаған,
Ізденіспен еңбек етіп, шаршамаған,
Ұстаздықтан жалықпаған,
Меңгерткен картасын жер жүзінің.
Жаратылыстану бағытындағы пәндердің
Жетекшісін қарсы алыңыз бәріңіз!
Кубыкулиева Айкүміс Тұрсынбайқызы

5) Қолынан жасап көрнекіліктің түрлерін,
Әрқашан ерінбей ізденіспен жүретін,
Білімді меңгертіп 4 жасар сәбилерге
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Еңбекқор, мейірімді ұстазымыз,
Қарсы алыңыз Өтегенқызы Жұмабикені

6) Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың шәкіртке білім есігін
Портфолиосына жинақтаған өнерін,
Оқушылардың шығармашылық еңбегін,
Комитетінен салықтың алғыс алған
Атсалысып, акциясының кезінде
Өзін өзі тану пәнінің жетекшісі
Қарсы алыңыз Болатқызы Шынарды
Мектебіміздің өнерлі қыздарымыздың бірі Қайыржанова Оксананың орындауында үнді биі

2. Өлең шумағы арқылы бірлестік жетекшілеріне сөз кезегін беру
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын
Әр бірлестік жетекшісі өз бірлестігі туралы мәлімет беруі тиіс.
8 - cынып оқушылары Серіков Бексұлтан пен Жағалбаев Аңсатбектің орындауында «Гүлдәурен» әні

3. Жарнама
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас - қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың дей келе, ендігі кезекте педагогикалық жарнама
Бірлестік жетекшілері бір педагогикалық әдісті алып, жарнамалап көрсетуі керек
Кезекті әнге береміз. Ән «Туған жер» Орындайтын Амангелдиев Жасқайрат пен Жұмағалиев Ерболат

4. Бірлестік есебі
Бірлестік өз алдына ол бір ұжым,
Ұстазды біріктірер білім, ғылым.
Есебін бірлестіктің берер келді кезек,
Бәріміз тыңдалықшы құлақ кезеп.
Ән «Әкелер» Орындайтын 7 - сынып оқушысы Серіков Қанағат

ІV. Қызықты өтер әр сабақ
Демалса шәкірт бір кезек
Сабақтың бір кезеңі
Сергіту сәті болса егер.

« Әзіл шыны аралас» ойыны
1. Профессор5 - те жатып, сағаттың дыбысын 6 - ға айқайлауға қойды.
Сұрақ: Ол неше сағат ұйықтады? /1сағат/
2. Қоян жаңбырлы күні қандай қалқаның астына тұрады?/су болған қалқаның/
3. Ер адам өзінің әйелінің туысына үйлене ала ма?/жоқ /
4. Таяқты 10жерден бөлу үшін неше жерден кеседі?/9/
5. Ай 30, 31 - нен аяқталады, қай айларда 28 саны бар/барлық айда/
6. Сіз ұшқышсыз ұшақ Атыраудан Астанаға Алматыдан аялдама жасап ұшты. Ұшқыштың жасы нешеде?/өзініңіздің жасыңыз/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 360
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу - тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы"
Мектеп басшыларына нұсқаулық "Әдістемелік бірлестік жұмысы" Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу - тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Ұстаздық еткен жалықпас...
Ұстаздық еткен жалықпас...
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Эльвира Хамитовна
Әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмыс
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×