Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдістемелік жұмыс

17 ақпан 2012, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Әдістемелік кеңес.

1.Нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыс.
Педагог мамандрдың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылыұ жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру – нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады.

Атақты педагог –ғалым В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану,адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп мұғалімдік өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп бекер айтқан жоқ. Демек, мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы болып саналады. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің кәсіптік мәдениеті басты алғы шарты екені аян. Мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Ал әдістемелік жұмыс дегеніміз – ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі және ұжымдық жұмыс.

Әдістемелік жұмыс – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады.
Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талап – әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқытудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады. Жыл ішінде әдістемелік бірлестіктіктің отырысын жоспарлауға болады. Жоспар бойынша әр отырыста: мысалы, бірінші отырыста өткен оқу жылының қорытындысы, әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту,шығармашылық жұмыстарды бекіту, тәлімгерлермен жұмыс жоспарлары қаралса, келесі отырыстарда жазба жұмыстарының қорытындысы, мектепішілік олимпиада қорытындысмы, факультатив, үйірме жұмыстарының өтілу барысы, пән сабақтарының берілу жайы қаралып, талқыланып отырады.

Бірлестік жетекшісінің міндеті:
- Өз қызметі бойынша есептер, кәсіптік жаңашылдық қызмет атқару
- Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру
- Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру, бірлестік
мүшелерін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету
- Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар жасауға ынталандару және ондай
мұғалімге жан-жақты қолдау көрсету
- Оқушылар табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалау
- Оқыту мен тәрбиелеу ең соңғы педтехнологияларын зерттеп меңгеру және өз
кәсібіне қолдана білу

Мұндай міндеттер әрине, барлық ұстаздар алдына қойылады. Дегенмен, табыстың кілті –әдістеме бірлестік жетекшісі тарапынан жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мен мұғалімнің оны өзінің кәсіптік тұрақты қажеттілігіне айналдырып,белсенділікпен жұмыс атқарып отыруына қатаң бақылау жасап отыру деп ойлаймын. Демек, бірлестік жетекшісінен жасанды қабілеттілік емес, нақты еңбектің міндеті атқарулы талап етіледі. Педагогикалық техналогияның басты сипатты да, міне осы. Әр ұстаз жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде тек өз пәнінің аясында ғана қалып қоймай, қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуге, баулуға бірлестік жетекшісінің атқарар жұмысы аз болмайды. Мұны әрбір бірлестік жетекшісі саналы түрде сезінуі тиіс.

Бірлестік жетекшісінің мәртебесі.
Елбасымыз Н.Е.Назарбаев «Қазақстанның болашағы мектептен басталады»-деген сөзінен бүгінгі білім ордаларына қойылатын үлкен міндетті аңғарамыз. Білім беру тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды. Ұлы ғұлама
А.Байтұрсынов ХХ ғасырдың соңында «Ел әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», -деген екен. Мен сөз еткелі отырған бірлестік жетекшісі, әрине алдымен-ұстаз.

Қ.Р-ның білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепте білім беріп ұстаздардың кәсібін дамыту мен білім сапасына қатысты нақты міндеттер көрсетілген. Бұл тұжырымдамада : «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке үйрену ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады»,-делінген.

Қоғам дамуындағы ең басты бағыт – оқушыға жүйелі, жан-жақты білім беру мен тұлғаны қалыптастыру мектеп қабырғасында білім берумен қатар жас ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі кезде оқушыларымыз білімді, талантты, талапты болуы керек. Әрине, осыны жүзеге асыру мектептің, мұғалімнің жұмысына тікелей байланысты.Ал осы ұстазды әр пәнге байланысты топтастырып, белгілі бір іске ұршықша иіре алатын адам-бірлестік жетекшісі. Бірлестік жетекшісінің атқарар міндеті өте жоғары.
Осыған лайық бірлестік жетекшісінің ұжымда, әдістемелік бірлестігінде өзіндік мәртебесі пайда болады. Сол мәртебеге ие болу үшін бірлестік жетекшісі төмендегі қасиет иесі болу керек деп ойлаймын

Біріншіден,бірлестік мүшелерімен қарым-қатынас жасауда психологиалық шеберлік керек.
Екіншіден, этика-эстетикалық талғамы жоғары болуы керек.
Үшіншіден, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білетін, тіл табыса білуі жоғары парасат иесі.
Төртіншіден, айналасына үлгі боларлықтай игі істермен көзге түсуі керек.
Бірлестік жетекшісі әрқашан ізденісте болуы қажет, сонда ғана оның жұмысы нәтижелі, ұжымда белгілі бір мәртебеге қол жеткізеді деп ойлаймын.

Енді мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсам, мектебімізде з бірлестік жұмыс істейді.Барлық бірлестік жетекшілері мектеп директорының бұйрығымен бекітілген. Әдістемелік кеңесте бірлестік жетекшілерімен әдістемелік жұмыстағы барлық мәселелер талқыланып отырады. Мысалы, білім жүйесін дамытуға байланысты семинарлар, конференциялар, шығармашылық есептер мен пән олимпиадалары, апталықтар, ашық сабақтар, күнтізбелік жоспар, мұғалімдердің білімін жетілдіру, аттестация, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің берілген біліктілік санатына лайықтылығын анықтау, санатқа көтеру, әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстврына таалдау, жас мамандармен жұмыс, жаңа келген маманның кәсіби құзырлылық және әдістемелік даярлық деңгейін анықтау туралы мәселелер ортаға салынды. Жалпы әдістемелік бірлестік жұмысының құрылымына мыналар жатады:

- Әдістемелік отырысын өткізу.
- Нормативтік құжаттар, бірлестік шешімдері мен нұсқауларын орындау
- Пәндік апталықтарды дайындау және өткізу
- Пәндік семинарлар,дөңгелек үстел, конференция дайындау, өткізу
- Оқушыларды пәндік олимпиада, интеллектуалдық марафон, байқау, жарысқа дайындау
- Пәндер бойынша сыныптан тыс шаралар өткізу.
- Сабақтарға, факультатив сабақтарға, үйірме жұмыстарына қатысу.
- Мұғалімдердің, оқушылардың жұмыстарын талдау, марапаттау.

Сөзімді қортындыласам, білім-әр адамның ақыл-ойы мен өмір танымын
қалыптастырушы тірек. Сондықтан қазіргі мектептегі бірлестік жетекшісінің жұмысына белгілі бір нәтижеге жету үшін қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеудің, бірлестік мүшелерін ұйымдастырып, топтастыру.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің артуына көп септігін тигізері сөзсіз.
27 029
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік туралы ереже
Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу - тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді: - Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау; - Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Мектептің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі
Мектептің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Рыскалыева Калдыгул Ондасыновна
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі,
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері Білім беру үрдісін басқаруда әдістемелік жұмыс ең негізгі бөлік болып табылады. Оның негізгі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×