Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері

07 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Жинақта қазақ тіліне арналған тест сұрақтары құрастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білімдерін тереңдетуге көмектеседі.
Тест жинағы оқушыларға, өздігінен білім алушылар мен мұғалімдерге арналып әзірленген.

Алғы сөз
Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Қазіргі таңда тест құраудың түрлі нұсқалары бар:
• Альтернативті жауап беру. Негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес), оқушылардың қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді.
• Көп нұсқаулы жауаптық тапсырма. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмалары мен бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға, сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолдануға арналған.
• Кез - келген кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың үлкен тақырыптар бойынша грамматикалық білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған 6 - сыныпқа негізделіп құрастырылған тест жинағы мұғалімдерге көмекші құрал болып табылады. Оқушылардың білім дәрежесінің дамуы мен ойлауына мүмкіндік жасалады.
Мақсаты:
Қазақ тілі сабағында өтілген әр тақырыпты есте терең сақтап бекіту арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:
* Оқушының ой - өрісін кеңейту,
* Шапшаңдылыққа, тапқырлыққа машықтану,
* Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

I тоқсан
Тест сұрақтарында қамтылған тақырыптар мен тілдік бірліктер:
1. Қазақ тілінің қоғамдық рөлі.
2. Әдеби тіл және оның нормалары.
3. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы.
4. Сөзжасам.
5. Сөз тұлғасы.
6. Түбір мен қосымша.
7. Дара және күрделі сөздер.
8. Біріккен сөздер.
9. Қос сөздер.
10. Тіркескен сөздер.
11. Қысқарған сөздер.

Мақсаты:
1. Оқушылардың I тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтап, бекіту.
2. Берілген сұрақтар арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру.

Тестілеуге 40 минут беріледі

1. Қазақ тілі қоғамдық қызмет атқара ма?
А. Иә.
Б. Жоқ.
В. Кей жерлерде.
С. Мектепте ғана.

2. Тіл өзі қызмет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді.................... дейміз.
А. Әдеби тіл.
Б. Мемлекеттік тіл.
В. Ресми тіл.
С. Қазақ тілі.

3. Әдеби тілдің екі түрі?
А. Ауызша және жазбаша.
Б. Дара және күрделі.
В. Лексикалық және грамматикалық норма.
С. Ортақ.

4. Тілді әдеби етіп тұратын нормалар?
А. Лексикалық.
Б. Фонетикалық.
В. Грамматикалық.
С. Барлығы дұрыс.

5. Ауызша тілдің нормасы?
А. Орфоэпиялық.
Б. Орфографиялық.
В. Лексикалық.
С. Барлығы дұрыс.

6. Жазбаша тілдің нормасы?
А. Орфоэпиялық.
Б. Орфографиялық.
В. Лексикалық.
С. Барлығы дұрыс.

7. Мысалдар жеке сөйлемдер ғана емес, үлкен – үлкен үзінділер болып та келеді. Әдетте ондай үзінділерді қалай атайды?
А. Мәтін.
Б. Сөйлем.
В. Әдебиет.
С. Сөз.

8. Қар деген сөздің ұғымы?
А. Түсі ақ, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Б. Түсі қара, салқын, еріп, суға айналатын зат.
В. Түсі сары, салқын, еріп, суға айналатын зат.
С. Түсі жасыл, салқын, еріп, суға айналатын зат.

9. Офография бойынша дұрыс жазылған сөз?
А. Иә.
Б. Иа.
В. Ия.
С. Іиә.

10. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөз?
А. Жазза.
Б. Жазса.
В. Жасса.
С. Жашша.

11. ЖОЛДАСТЫҚҚА деген сөз неше бөлшектен тұрады?
А4.
Б. 5.
В. 6.
С. 3.

12. Сөздің тұлғасы деген ұғымға нелер жатады?
А. Түбір және қосымша.
Б. Сөйлем және мәтін.
В. Сөз және бөлшек.
С. Ұста, ата.

13. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін не дейді?
А. Түбір.
Б. Қосымша.
В. Сөз.
С. Мәтін.

14. Қосымша нешеге бөлінеді?
А. 2.
Б. 3.
В. 4.
С. 5.

15. Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер қалай аталады?
А. Туынды түбір немесе туынды сөз.
Б. Дара.
В. Негізгі түбір.
С. Жалғау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
Бұл жинаққа 1 - 4 сыныпқа арналған математикадан мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазбаша бақылау жұмыстары енгізілген.
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары (5 – 9 - сыныптар)
Оқу бағдарламасы Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Алғы сөз Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша. Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы № 5 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Майра Мұқтаева
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×