Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған

21 қараша 2015, Сенбі
Кирдищев атындағы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сулейменова Жанар Аскаровна

Алғы сөз
Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша.
Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары оқушылардың білімдерін тексеруге, танымдық біліктілігін арттыруға негізделген. Бұл жинақтағы тестілер оқушының білім деңгейін бақылаумен қатар, мұғалімге белгілі бір модульді өткенде сол тақырыптың қай тұстарына баса көңіл бөлу керек екендігіне бағыт – бағдар береді. Тестерде әр тақырып жан – жақты, түбегейлі қамтылған.
Осы жинақтағы тестілер өз іс - тәжірибемде қолданып, тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденген. Сол себепті өз ізденіс жұмысымды ұсынып отырмын.
Бұл жинақ сіздерге оқушыларды келешектегі ҰБТ - ға дайындауға азды - көпті көмегін тигізер деп ойлаймын.

І модуль
Лексикалық тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім
Грамматикалық тақырыбы: Сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар.
І – нұсқа
1. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңдар.
Сенің отбасыңда қанша адам бар?
А. сұрау есімдігі арқылы
В. сұраулық шылау арқылы
С. көмекші сөз арқылы
D. интонация арқылы

2. Берілген сөйлемге тиісті шылау қойыңдар.
Ол ана... өлең оқыды.
А. сияқты
В. және
С. туралы
D. әрі

3. Қате жазылған шылауды табыңдар.
А. сіз оқисыз ба?
В. келеді ау деймін
С. ақ пен қара
D. сен ше?

4. Берілген сөйлемдегі шылаулар түрін табыңдар.
Табиғилық үшін адалдық пен шыншылдық қажет.
А. септеулік, жалғаулық
В. жалғаулық, демеулік
С. демеулік, септеулік
D. септеулік, демеулік

5. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге,
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
А. анаң
В. әкең
С. атаң
D. әпкең
6. Толықтырыңдар: «Менің отбасым... тұрады.»
А. бауырмал
В. тату - тәтті
С. үлкен
D. ақылды

7. Отбасы мүшелерінің атауларын табыңдар.
А. әке, шеше, әже, ата
В. мектеп, бала, мұғалім, оқушы
С. күзетші, жазушы, суретші
D. аспазшы, наубайшы, жұмысшы

8. Анаңды ардақта деген сөйлемде қойылатын тыныс белгісін қойыңдар.
А. нүкте
В. үтір
С. дефис
D. леп белгісі

9. Апалы - сіңлілердің баласы бір - біріне кім болады?
А. апалы - сіңлі
В. ағалы - қарындастар
С. жиен
D. бөле

10. Туыстық қатарға жатпайтын қатарды табыңдар.
А. әже
В. нағашы
С. ұстаз
D. жеңге

Кілті:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А С В А В В А D D C

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Алғашқы функция және интеграл (тест)
Алғашқы функция және интеграл (тест)
Тоқыжанова Шолпан Қасымқызы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы С. Ғаббасов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×