Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әсем шарлар аспанда

24 мам 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың шар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету.Ақыл-ойларын, зейінін, танымдық қабілеттерін арттыру.Эстетикалық талғамдарын көтеру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, баланы әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: таңғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру.

Көрнекіліктері: күннің сурет, түрлі-түсті шарлар,ленталар,қолшатыр, гүлдер, доптар, желдеткіш.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ойын түрінде.
Балалар дөңгеленіп отырады. Топқа Карлсон (тәрбиеші) кіреді.
- Уһ, жерге әрең дегенде қондым ғой.ЖЖ-жж-жж-жж. Балалар, сәлеметсіздер ме! Мен Карлсонмын. Мен сендердей балалармен дос болғанды ұнатамын, ойнағанды жақсы көремін. Сендер сияқты тәтті жеймін, ойыншықпен ойнаймын.

(Әуен ойналып, қатты желдің даусы естіледі)
- Ой, балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
- Желдің дыбысын естіп тұрмыз.
(Осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді)
Карлсон: Мынау не нәрсе? Ішінде не бар? Бізге бұны кім әкелді? Өзі қапшық сияқты, бұл кімдікі ау-у.
(Әуен ойналып, желдің дыбысы шығады). Мен желмін. Мұны сендерге мен жібердім. Ішінде не бар екенін өздерің табыңдар. Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда, бұл қапшықтың ішінде не бар екенін білесіңдер.
Қағанақтай қабық,

Байқа, алма жарып.
Карлсон: Балалар, ол не болды екен, ұстап көрейікші, өзі жұмсақ екен, жарылып кететін не екенін білесіңдер ме?
- Ол шар ғой.
- Жарайсыңдар, желдің жасырған жұмбағы шар екен ғой. Балалар, осы шарды не үшін қолданамыз?

- Шармен ойнаймыз, мерекелерде топты әдемілейміз.
- Сендер, шар туралы тақпақ білесіңдер ме? (Балалар тақпақ айтады)
- Жарайсыңдар, енді «Түсін таны» ойынын ойнайық
Шарты: Балаларға әр түсті шарлар беріледі. Сол түске сәйкес затты табулары керек. (Балалар ойнайды)

Карлсон: Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы ойнадыңдар.
(Осы кезде топқа көптеген шарлар ұшып келеді).
Карлсон: Балалар,өз киімдеріңнің түсіне сәйкес, шарлардың жібін тауып ұстап алыңдар. Енді осы әсем шарларымызға арнап өлең айтайық.

Қызыл, сары, көк шар,
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқиды
Әніміз шалқиды

Қызыл,сары,көк шар
Қолымызда көп шар
Айдаймыз, күндейміз,
Ойнаймыз, күлеміз!
11 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді шарлар
Көңілді шарлар
Балаларға шарларды таныстыру. Шарларды атап, түстерін ажырата білуге үйрету. Шарды кілегеймен ақ қағазға жапсыруды үйрету.
Түрлі түсті шарлар
Түрлі түсті шарлар
Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Түрлі – түсті шарлар
Түрлі – түсті шарлар
Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын оята отырып жаттығуды дұрыс орындауын үйрету. Төзімділікке, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Жер әлемі
Жер әлемі
Сабақта балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау, судың қасиеттерін тәжірибелер көрсету арқылы білімдерін молайту.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі: Абдуллина Зульфира
Сиқырлы шарлар
Сиқырлы шарлар
№ 42 «Тілек» балабақшасының Музыка жетекшісі Гулдана Серікқызы Ахметова Түрлі-түсті шарлармен жазғы көңілді мереке (Орта және ересек топтарға арналған) Жүргізуші: Түрлі-түсті шарлармен безендірілген, әсем алаңға қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×