Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күлкі - жанның шипасы

26 наурыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
б) Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу
в) Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу

Зал іші «Күлкі – жанның шипасы» атты мерекеге орай безендірілген ( түрлі түсті шарлармен, көңілді смайликтермен)
Балалар әуенмен жарты шеңбер жасай отырады.

Жүргізуші: Уа халайық, халайық!
Бәріміз құлақ салайық,
Бүгінгі күлкі күнінде,
Ойын ойнап, 1 күліп,
Көңілді көтеріп алайық.
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар хормен: Күлкі күні!
Жүргізуші: - Балалар мен бүгін Алдар көсе атамыздан хат алдым. Ол өзімен ойын тапсырмалар ала келеді екен. Біздер соған дайын болуымыз керек. Әнекей Алдар көсе атамыз келе жатыр.
Алдар көсе кіреді.
Алдар көсе: - Күнім қандай тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Бүгін бізде мереке,
Күлкі күні ерекше.
Балалар менің хатымды алдыңдар ма?
Балалар хормен: - Я
Алдар көсе: - Ендеше мен сендермен цирк ойынын ойнағым келіп тұр. Менің сиқырлы қапшығымда сиқырлы шарлар бар. Қане ойынымызды бастайық!
Ойын: «Кім епті»
Мазмұны: Ортаға 1 – 2 баладан шығып, кішкентай шарларды Алдар көсенің шляпасына лақтыру керек. Ойын көрермендермен де ойналады.
Алдар көсе: - Балалар көңіліміз көтеріңкі болу үшін бізге тағы кім қажет, қане ойланайықшы, ол адаммен сендер жаңа жылда т. б. мерекелерден танисыңдар.
Балалар хормен: С - А - Й - Қ - Ы - М - А - З - А - Қ
Сайқымазақ кіреді: - Күлмейтінді күлдірген,
Жүрген жерін бүлдірген,
Көп ойнап, көп күлген,
Сайқымазақ мен боламын.
Бәріңізге күлкі күнімен!!!
Мен сіздерге күлкі сыйлағым келеді. Балалар мына смайликті өз түрлеріңмен көрсеткендеріңді қалаймын (смайликтер таратылады).
Ойын: «Менің бейнем»
Мазмұны: Қолымыздағы смайликтерге қарап көрсетілген бейнені өз бет әлпетімізбен көрсетуіміз керек. Ойын көрермендермен де ойнатылады.

Би: «Сайқымазақпен би»

Жүргізуші: Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. Езулеріңізден күлкі тиылмасын,– деп сіздермен қоштасамыз.
39 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Алдар Көсенің сиқырлы тоны
Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Күлкі - денсаулық көркі іс - шара
Күлкі - денсаулық көркі іс - шара
Балалардың көңіл - күйін көтеру, 1 сәуір күлкі күні екендігін ұғындыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.
Күлкі жәрмеңкесі
Күлкі жәрмеңкесі
Балаларға «1 сәуір – күлкі күнін» тойлай отырып көтеріңкі көңіл – күй сыйлау. Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету.
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Алдар көсе Шықбермес Шығайбай
Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым - ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау. Ертегі кейіпкерлердің сипаты
Алдар Көсе және мақтаншақ бай
Алдар Көсе және мақтаншақ бай
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Ғибатолла Мәсәлімов орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Рахметова Батима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×